Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім



бет3/5
Дата21.07.2020
өлшемі45 Kb.
#63550
түріСабақ
1   2   3   4   5
ІІІ. Негізгі бөлім.

1-жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.

2-жүргіңзуші: Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.

1-жүргізуші: Даша, сен білесің бе, Қайда жүрсем де, қандай адам болсам да бақыттымын деп сезінемін. Бақытымның бастауы – халқыма бас иемін. Халықты сүйген соң, туған тілімді де сүйемін, сол тілде жырлағым келеді.

2-жүргізуші: Альбина, мен де сен сияқты өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дала тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

1-жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.



2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ортаға бүгінгі сайыс сабағына қатысқалы отырған «Білімділер» мен «Қазақстан» тобын шақырамыз.

1-жүргізуші: Мерекеге бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің.

Желбірейді көк туы,

Түсіндей боп көгімнің.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет