Құрманғазының «Серпер» күйі орындалады
1-жүргізуші: ...Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Кешіміздің 4-бөлімі ақындардың өлеңіне арналады.
«Білімділер тобы»:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
«Қазақстан» тобы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
«Білімділер» тобы:
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлап.
Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».
«Қазақстан» тобы:
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, - деп енді ортаға топ басшыларын шақырамыз.
IV. Қорытындылау.
Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.
«Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
Оқушыларды марапаттап, болашақтарына табыс тілеп, еңбектерін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |