Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім


«Елім менің» әні орындалады



бет4/5
Дата21.07.2020
өлшемі45 Kb.
#63550
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Елім менің» әні орындалады.

2-жүргізуші: Ал енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Оны біз бүгін өткелі отырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызда көз жеткізбекпіз. Сайыс сабағы әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе таныстыру.

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін, шығарған қабырға газеттерін түсіндіріп, ұранын айту керек.

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа.

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына.



(Әр топ өзін-өзі таныстырады).

1-жүргізуші: Екінші бөлімде «Тақырыптық әңгіме құру»

Қазақпыз – қыз өсірген іңкәр қылып,

Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.

Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

Берілетін тақырыптар: «Қазақстан», «Наурыз», «Қызылорда», «Қазақтың әдет-ғұрыптары»

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Екінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.



2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал-мәтелдерге арналады. «Кім көп мақал-мәтел біледі?»

Мысалы:


  • Өнер алды – қызыл тіл

  • Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

  • Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ

  • Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.

  • Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады

  • Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет