Жеке жұмыс. Оқушылар «Менің энергия көздерім» депаталатыноңтайлы ас мәзіріндәптерлерінеқұрастырады. Оқушыларғакестеұсынылады. Талқылау.
2011 жылдың 10 маусымында Парижде Халықаралық Көрме Бюросының штаб - пәтерінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жошыбаев ҚР Премьер-министрімен қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында Қазақстанның Астана қаласы, басым дауыс жинап (103 бірі 161), бельгиялық Льеж қаласынан озып шықты және"ЭКСПО-2017" өткізу орны ретінде жарияланды.
«Болашақтың Энергиясы тақырыбымен өтетін алдағы көрме әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселесі - баламалы энергия көздеріне арналады. Алдағы көрменің тақырыбын "Экспо-2017"логотипы бейнелейді.
Болашақ энергиясы
Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде: кәсіби, білімді, ойлы, жаңалыққа құмар маман болып шығуды міндеттеді. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы біз еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жағдай жасаймыз. Бұл істе Елбасы жастарға үлкен үміт артуда.
Қазіргі заманға сай өмір сүру үшін инновациялық жобаларды өзімізде ойлап табу қажет.
2017ж елімізде Астана қаласында ЭКСПО көрме өтеді (- 10-ші маусымнан 10 қыркүйекке дейін ).Көрменің тақырыбы : « Болашақ энергиясы »
ЭКСПО көрмесі бүкіл әлемде 1851 ж бастап өтілуде және әлемде үлкен шара болып саланады Олимпиада ойындарынан ,әлемдік футбол Кубогі ойынан кейін үшінші орында тұр.
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде.
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жер асты пайда қазба қорлары — мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясын қолдану
Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8·106 К-ге жақын, ал Күн бетінде 6000 К-ге тең.
Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2·10-4 Вт/кг – ға тең
Қазіргі мәліметтерге қарағанда Күн 5 млрд жыл шамасында өмір сүрді.Күн затының ішкі энергиясын-дағы қор әлі миллиардтаған жылдарға жетуге тиіс.
Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады
Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.
Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде.
Көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.
Қазақстанның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылында күн электростанциясы салынып болып, іске кірісіп кетті.Құрылыс БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілді.
1 гектар жерді алып жатқан гелиостанция 20 метрлік 6 панельден құралған. Станция сағатына 52 киловатт электр энергиясын өндіріп тұр.
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.
Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді және 100-ге жуық қатысушы елдерді және 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайды. 2017 жылдың Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесінде қатысушы елдер жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану саласындағы жетістіктері мен қолданудағы олардың артықшылықтары, экологиялық тазалығы, төмен құны, пайдалану және қоршаған орта үшін зиянсыздығын көрсетеді. Қазақстан үшін "ЭКСПО-2017" маңызды оқиға болмақ: осындай ауқымдағы халықаралық көрмесі бұрын-соңды ТМД және Орталық Азия аймағы елдерінде болған емес.
"Болашақ Энергиясы" жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз етудегі қоғамдық шешімге және әдістерге жұртшылық назарын аударуға негізделген.
Бұл әдістер бағытталған:
• көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендету және климаттың өзгеруіне қарсы күреске;
• энергияның баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру, атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін және бағдарламаларды енгізу;
• энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;
• энергияны сақтау мен пайдалануды өндіруді бақылау;
• тұрақты энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.
|