Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым Сабақтың мақсаты



бет2/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#9863
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

-Сабақ аяқталды!

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым


Сабақтың мақсаты:

- Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту;

- Отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйренту;

- Туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, жаттығу, түсіндіру, танымдық ойындар, оқулықпен жұмыс, проблемалық-ізденушілік, эвристикалық әдістер.

Қажетті оқу құралдары: оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері.

1. Шаттық шеңбері

(оқушылар өлеңді жатқа үйреніп, қимылмен көрсетеді. Екі рет қайталанады).

Үлкенге де сіз,                                 (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз.                                    (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп,                (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз.                                    (бас иеді

• Отбасы дегеніміз не? (отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).

• Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).

• Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады).

2. Оқулықпен әңгіме (отбасының суреті бойынша)

• К.Күзембайдың «осындай менің отбасым» өлеңі оқылады.

• Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? (әңгімелеседі, бірге отырып тамақ ішеді, бір-бірін сыйлайды, балалар үлкендерді тыңдайды, бірге демалады).

Отбасына тигізетін қолғабысың туралы әңгімелеп берші. (барлығы әңгімелей бастайды

• Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болуды кімнен үйренесіңдер? (оқушылар атасынан, әжесінен, әке-шешесінен, аға-тәтесінен үйренетінін айтады. Отбасынан өрбитін адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені одан әрі жалғастыра беруге болады).

3. Көңілді үзіліс:

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – папам,

Балаң үйрек – апам,

Ортаң үйрек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз – бесеуміз.

4. Дәптермен жұмыс. Ойын: «Менің отбасым»

Оң жақта берілген сурет бойынша отбасы мүшелерін дастархан басына бағдар арқылы орналастырыңдар.

• Төрге кімді орналастырар едің?

• Есік жаққа кім отырады?

• Қонақ келсе қайда отырады? – деген сияқты сұрақтар қоя отырып, әңгімені құрастыру. Балалардың жауабын тыңдау.

5. Жүректен жүрекке

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:

• Көзімізді ашайық. Отбасыларыды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар

• Отбасыларыңа  қандай жақсы тілек тіледіңдер?

• Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?

• Кімді сағындыңдар?

Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.

Отбасың -  отаның деген сөзді талдап көрелікші. (Әңгіме барысында отбасы – шағын Отанды, мемлекетіміз – үлкен Отанды құрайтыны айтылады).

Еліміздің Отаны – Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.

Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер? (оқушылар бейбітшілік, тыныштық т.б туралы айтады).

Отбасымызға «Отан – отбасынан басталады» деген сөздлі естеріңе сақтаңдар



Сабақтың тақырыбы: Біздің жануарларымыз

Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өзара арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу.

Білімділік– Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс пайдалана білуге үйрету, өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. 

Дамытушылық –мәтіннен керекті мағлұматты таңдай білу, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру , тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту . Тәрбиелік– адамгершілікке, отбасындағы бірлікке, бір-бірін сыйлай білушілікке тәрбиелеу. Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру

Көрнекілік: отбасы мүшелерінің суреті, тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдасыру кезеңі:  

ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу: 

б ) оқушылар назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

а) жатқа берілген сөздерді жалпылама сұрап, сол сөздермен сөйлем құрату; 

ә) жазба жұмыстарын пысықтау. 

II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздік.

жақсы көремін – люблю

біздің – наш (-а,-е)

сауды – доил (-а)

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Бұл - біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой бар. Менің күшігім мен мысығым бар. Күшіктің аты – Тарзан. Мысықтың аты – Борсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.



2-тапсырма. Ережені біліп ал.

Если последний звук основы глухой к,қ или п, а прибавляемый к основе суффикс или окончание начинаются с гласного, то глухие согласные переходят в звонкие к –г, қ –ғ

күшік – күшігім

мысық - мысығым



3-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қызық екен ауылда,

Тойдым әбден қауынға.

Жедім құртты, майды да,

Көрдім құлын, тайды да.

4-тапсырма.Сөйлемдерді жаз.

Сабақты қорытындылау.

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма. 5,6-тапсырма. 49 бет.



Каталог: uploads -> doc -> 0076
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0076 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жазықтары мен ойпаттары және үстірттері Сабақтың мақсаты
0076 -> Сабақтың тақырыбы:№21 Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу боынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі
0076 -> Деңгейлік тапсырмалар
0076 -> Ленин негізгі мектебі «ххі ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының жоспары
0076 -> Оқушыларды кітап оқуға қалай үйретуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет