Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.2.1.3 Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі.
Кейбір оқушылар: жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды.
Өткен тақырып бойынша жылқанды жануарлардың терінің маңыздылғын «Зымыран сұрақтар » әдісі арқылы бекітеді. Мұғалім жаңа сабақты, оқу мақсатына тоқталады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша мұғалімге сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпыты қортылдылайды.
Жаңа сабақ бойынша термин сөздермен танысып, өздеріне таныс терминдерге анықтама береді
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.Қалыптастырушы бағалау
«Жарайсың,» «жақсы,» «бұдан да керемет орындай аласың»
«Шақыру» кезеңі. Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау.Суреттер/
гербарийлер бар өсімдіктердің атаулары (ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер). Сәйкестендіру тесті.
Споралы өсімдіктердің тіршілік циклін зерттедік.
Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін зерттейміз.
Оқушыларға түрлі топтағы өсімдіктер суреттері көрсетіледі. Олар өсімдіктерді топтарға бөлу керек.
Дескриптор: 1.Гербарийлер арқылы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттайды
2. Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктерді ажыратады
Жалпы 3 балл