Бөлім:
|
8. 3D Координация және реттелу
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Алпысбаева Ұлдана Темірәліқызы
|
Күні:
|
8 И 23.02.2022 ж 8 А,Ә 26.02.2022 ж
|
Сыныбы: 8 А,Ә,И
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көздің құрылысы, көрудің маңызы. «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» ( Зертханалық жұмыс)
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Көз құрылысындағы негізгі бөліктерді біледі.
Кейбір оқушылар: Көру жітілігі мен көру аймағының шегін анықтайды;
Көрудің маңызы мен гигиенасын түсіндіреді.
|
Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу
2.Ынтымақтастықтық атмосферасын қалыптастыру
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
т.б
|
Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин
|
(Ұ) «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарына жауап береді. Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Өткен тақырып бойынша
- Тік жүрудің артықшылығы неде?
- Жалпақтабандылық дегеніміз не?
- Жүрудің кинематикасы дегеніміз не?
- Қозғалыс кинематикасы дегеніміз не?
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.Қалыптастырушы бағалау
«Жарайсың,» «жақсы,» «бұдан да керемет орындай аласың»
|
Суреттер, презентация
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
10 мин.
|
1 тапсырма «Ой қозғау» әдісі арқылы
Көз неден тұрады?
Біз қалай көреміз?
Оқушылардың талдауларынан кейін бүгінгі сабағымыз не туралы деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Ал көз туралы нені білу керек деп сұрай отырып, сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Оқушыларға көздің моделін беріп оның өздеріне таныс бөліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттау тапсырмасын орындау сұралады.
-Тақырыптың идеясы неде екенін айтады.
|
|