«Жұмбақтар» категориясының сұрақтары:
1-оқушы.
Даусы бар, жаны жоқ
Шертсең күйі, әні көп.
Құлаңын он бұра.
Ол не?...
(Домбыра)
2-оқушы.
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиқазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
(Киіз үй)
3-оқушы.
Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге.
Деп бағалар жұрттың бәрі.
(Сәукеле)
4-оқушы.
Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
(Қымыз)
5-оқушы:
Таулары заңғар,
Өзені ырыс,
Қазақстан – республикам менің!
VІ «Күннің шуағын шашу» әдісі арқылы күннің шуақтарын алып, өлеңдерді оқиды.
1-оқушы
Орманы – пүліс,
Бұлағы – күміс.
Қазақстан – республикам менің!
2-оқушы:
Төлеген, Мәншүк
Батырлар шыққан.
Қазақстан – республикам менің!
3-оқушы:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметті достым, қазақтың жерім,
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан – республикам менің!
4-оқушы:
Әйнегі – күн, шатыры –аспан,
Кең дала ... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан – республикам менің!
VІІ «Оқушы үні» әдісі арқылы кері байланыс
«Болашақта қандай үлес қосамын?»
– Балалар, мен сіздерге кішігірім ұшақтар таратамын, ал сіздер сол ұшаққа өз арман-тілектеріңізді, болашақта қандай мамандық иесі болғыңыз келетін туралы өз ойларыңызды жазыңыздар.
– Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |