Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Жалғаулар. Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі21,37 Kb.
#41946
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Амангалиева Жеміс Ғалымжановна

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары



Сынып: 7 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым. Жалғаулар.



Мақсаты:

Отбасы туралы әңгімелей отырып,оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс пайдалана білуге үйрету.Қазақ тіліндегі жалғау түрлері туралы түсінік беру.

Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша ойлауын, қиялын дамыту.

Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын артырып, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.



Оқыту әдістері: Аударма, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың көрнекілігі:Плакат, отбасы суреті, слайд көрсету.

Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру.Амандасу. Түгендеу.

IIҮй тапсырмасын сұрау:

6 сыныпта өткен отбасына байланысты сөздерді еске түсіру.

( Ата, әже, шеше, әпке, аға)

IIIЖаңа сабақ

Сурет бойынша жұмыс жасау.

1 слайд Отбасы.

Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар? Кәне сурет бойынша жұмыс жасайық.

Мынау менің отбасым. Отбасымда алты адам бар. Олар: Әжем, атам, әкем, шешем, інім және мен. әжем 60 жаста, атам 62 жаста, әкем 40 жаста, шешем 35 жаста, інім 5 жаста мен жетінші сыныпта оқимын. Атам мен әжем әкемнің ата- анасы. Біздің отбасымыз ауылда тұрады. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін.

2. Жаңа сөздерді мәңерлеп оқу.

2 слайд жаңа сөздер.

Маман- специалист

Өндіріс- производство

Ауыл шаруашылығы- сельское хозяйство

Аралас- смешанный

Думан- праздник

Зейнеткер- пенсионер

Нағашы- родственник по материнской линии

Шымыр- сухопарый

Аққұба- белолицая

Ұста- кузнец

3.Жаңа сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дәптерге жазу.

Слайд бойынша көрсету.

3 слайд

Өндіріс.


Ө- дауысты, жіңішке,еріндік, ашық.

І- дауысты, жіңішке, езулік, қысаң

Нағашы.

Ғ- дауыссыз, ұяң.



Аққұба.

Қ- дауыссыз, қатаң.

Ұста.

Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң.



IV Мәтінмен жұмыс. Әженің таңдануы.3- тапсырма.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтінен жаңа сөздерді теріп жазу.

3.Оқушылар мәтінді оқи отыра, бір- біріне сұрақтар қояды. Сұрақ- жауап.

1Берік пен әжесі ненің бойымен келе жатты?

Қаланың кең көшесімен

2. Әжесі қайда тұрады?

Әжесі ауылда тұрады.

3.Олар қай жерге келіп тоқтады?

Арнаулы жаяу жүргіншілер тоқтайтын жерге кеп тоқтады.

4.Әжесі нені көрмеген екен?

Бағдаршамды.


VСергіту сәті.

Бас бармағым- атам- үйдің данасы.

Балалы үйрек-әжем- ошақ анасы.

Ортан терек- әкем- отау панасы.

Шылдыр шүмек- анам- шаңырақ ажары.

VI. Дыбыстық талдау « Отбасы» деген сөзге.

О- дауысты, жуан, еріндік, ашық.

Т-дауыссыз, қатаң.

Б-дауыссыз, ұяң

А-дауысты, жуан, езулік, ашық

С- дауыссыз, қатаң.

Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Үш буынды сөз.

От-тұйық буын, ба-ашық буын, сы-ашық буын. ( 1 тұйық буын, 2 ашық буын). 6 дыбыс.

Ұстаз.

Ұ- дауысты, жуан, еріндік, қысаң.



С- дауыссыз, қатаң

Т-дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан, ашық, езлік.

З- дауыссыз, ұяң.

Екі буынды сөз. Ұс-тұйық буын, таз- бітеу буын. ( 1 тұйық буын, 1 бітеу буын) 5 дыбыс
VII. Оқулық бойынша жұмыс жасау.

1– ші тапсырма.Жұмбақтарды шешіңдер.

1) Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал- мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп,үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін ақ сақалды кісіні кім дейміз?

2)Ол өте мейірімді,ақ шашты,дәмді тағамдар,тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап,шұлық тоқиды,ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім?


VIII. Оқушыларға сұхбат құрғызу.

  • Сенің отбасын үлкен бе?

  • Менің отбасым шағын.

  • Отбасыңда неше адам бар?

  • Отбасымда алты адам бар.

  • Сенің ата- анаң қайда жұмыс істейді?

  • Менің ата- анам мектепте жұмыс істейді.

  • Сенің атаң, әжең бар ма?

  • Менің атам, әжем бар.

IX Бекіту. Әр оқушыға тапсырма. Отбасы туралы мақал- мәтелді мәнерлеп оқу.

5 Слайд.

Ата- бәйтерек,

Бала- жапырақ.

2. Ата- анаңның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3. Ана жақсылығын

Ауырсаң білесің.

4. Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңілі өсер.
5-ші тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерге сұрақ қойындар.


1. Менің атым- Анар.

Сенің атың кім?

2. Менің отбасым бар.

Сенің отбасын бар ма?

3. Отбасым үлкен.

Отбасын қандай?

4. Менің атам, әжем бар.

Сенің атаң. әжең бар ма?

5 Олар – зейнеткерлер.

Олар кімдер?

6. Әке- шешем жұмыс істейді.

Әке , шешең жұмыс істейді ме?

7. Менің отбасым тату тұрады.

Сенің отбасың қалай тұрады?



Оқушылардың отбасы туралы алған білімін тест арқылы тексеру.

  1. Отбасы мүшелерінің атауы:

  2. А) Әке, шеше, ата, апа.

  3. Ә)Мектеп, тақта, кітап.

  4. В) Табиғат, ата, орман.

  5. 2. Дұрыс аудармасын тап.

  6. Я люблю свою бабушку.

  7. А) Мен әжемді сыйлаймын.

  8. Ә) Мен әжемді құрметтеймін.

  9. В) Мен әжемді сүйемін.

  10. 3. Сыпайы сөздер.

  11. А) Зерек, ақылды, үлгілі.

  12. Ә)Оқыды, жазды, көрді.

  13. В) Кешіріңіз, рахмет, Сәлеметсіз бе.

  14. 4. Сөзде неше буын бар.Шаштараз.

  15. А) бес

  16. Ә) Үш

  17. В) Төрт

  18. 5. Дауыссыз дыбыстар неше?

  19. А) 35

  20. Ә) 25

  21. В) 15

  22. 6. Буын түрлері нешеу?

  23. А) Бес

  24. Ә) Үш

  25. В) Алты.

  26. 7. Біріңғай жуан сөзді тап.

  27. А) Әже, әке, апа.

  28. Ә) Ата, аға, орман

  29. В) Әтеш, гүл, терезе

  30. 8. Бірыңғай жіңішке сөзді тап.

  31. А) Жуас, толық, бұйра.

  32. Ә) Өшіргіш, қалам, дәптер.

  33. В) Әліппе, іні, шеше

  34. 9. Кешірім сұрағанда қолданатын сыпайы сөзді тап.

  35. А) Қош бол! Сау бол!

  36. Ә) Сәлеметсің бе?

  37. В) Кешіріңіз

  38. 10. Нүктенің орнына тиісті жалғауды қой.

  39. Әжем кел.....

  40. А) Ды,ты.

  41. Ә) Ді,ті

  42. В) Ым, ім.





  1. X. Үй тапсырмасы. Ереже жаттау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет