Сабақтың тақырыбы: Менің Президентім



Дата12.10.2019
өлшемі43,34 Kb.
#49689
Байланысты:
ашық сабақ Менің Президентім

Сабақтың тақырыбы: Менің Президентім

Жалпы мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.


2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Пайдаланылған тәсіл: ББҮ.

Өту барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Кіріспе сөз.

1.«Жақсы тілектер» ойыны.

Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. Ендеше барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Мен қазір мына гүлді сол жақтағы оқушыға өз жақсы тілегімді айтып беремін, сол жағыма беруімнің себебі, адам баласының жүрегі сол жағында болғандықтан мен өзімнің жүрек жылы сөзім және тілегімді білдіремін. Ойын осылай жалғасады. жатығуы (5 мин)



Миға шабул 5 мин

  • Қазақстан Республикасы тәелсіздікті қай жылы алды?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.

  • Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы,қай өңірде дүниеге келді?

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың атын кім қойған?

Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесінің аты кім?


Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.


  • Назарбаевтың анасының аты кім?

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.


  • Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағы туралы фильмнің аты?

«Балалық шағымның аспаны»

Формативті бағалау
Қызығушылықты ояту.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы толығырақ білетін боламыз.Ал Президент туралы не білемін деп ойлайсыңдар? 4 минут ішінде білгендеріңнің тізімін жасаңдар.Енді жұптарыңмен 5 минут ішінде бөлісіңдер,өзің жазғаныңнан 3 немесе 4 мысал айтыңдар.Берген мысалдарың нақты білетін мысал болуы керек.

Мұғалім ББҮ кестесін тақтаға сызады.

Енді маған осы кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңдер.

Әр жұп маңызды идеялар айтады,ал мұғалім жазады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
«Балалық шағымның аспаны»









Мұғалім жазылғандарды оқиды және сонан соң:

Сонымен біз Алғашқы Президент туралы көп білеміз. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді.Біз тағы не білгіміз келеді?Өз сұрақтарын ойластыруға 4 минут уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар жұпта өз сұрақтарын талқылай отырып, ең жақсы 3 сұрақты таңдап алады.

ББҮ кестесі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
«Балалық шағымның аспаны»



Мектепте қандай оқыған?


Мемлекеттік қызметкер болу үшін қандай қасиеттер болуы керек?

Сол кездегі мектеп қандай болған?

Достары кім?

Қандай ерен еңбектері бар?





Мағынаны тану

Оқушыларға мақаланы оқу үшін уақыт беріледі: сендерге Алғашқы Президент туралы мәтінді оқу үшін 10 минут уақыт беріледі.Оқыр алдында пайда болған « Білгім келеді» бағанындағы тізілген сұрақтарға мән беріңдер.Оқу барысында осы сұрақтарға жауап табуға тырысыңдар және оны «Үйрендім» бағанына толтырып отырыңдар.

Ой толғаныс

Оқып болған соң мұғалім: оқуға дейін сұрақ қоймаған ақпаратты кездестірдіңдер ме?

Ондай ақпарат болса « Үйрендім» бағанына толтырыңдар. Осы сұрақтарға оқушылар жауапты қайдан таба алатыныны туралы талқыланады.

Бағалау

  • Барлық бағанды толтыру - 1 балл

  • Кем дегенде, жоғары деңгейдегі 2 сұрақ (ауызша) - 4 балл

  • Кем дегенде, 2 көзқарас айту және оған дәлелдер келтіру шеберлігі - 5 балл

5. Топтық жұмыс

«Менің қосар үлесім...»



Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет