Осы сабақта қандай қателіктер болды деп ойланғанымда,менің байқағаным-оқушылардың тәртібі,топқа бөлінгенде келіспеушіліктің болуы,яғни жақсы оқитын оқушылар нашар оқитын оқушылармен отырғылары келмеді,топтарын таба алмауы,топтық жұмыста таластың туындауы,бір-екі оқушының назардан тыс қалуы сияқты сәтсіздіктер туындады.Осы сәтсіздіктерді болашақта болдырмауды ойға түйіп алдым.Сабақтың сәтті өтуіне көп күш жұмсап,тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырдым. Тағы бір сәтті жағы-сабағымда жеті модульде қамтылды. Міне,менің бір сабағымда алған әсерім мен жетістігім осындай
Тізбектелген екінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шимайбек
Мақсаты:Өлеңді түсініп оқи отырып,оқушылырдың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп,өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету
«Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. [ нұсқаулық, 12 бет]
Мен тізбектелген сабақтың екіншісін өткіздім. Алдыңғы сабақтан жинаған тәжірибеме сүйене отырып, кемшіліктерді де жоюға тырыстым.Сабақта қойылған мақсатыма жеттім. Рефелексиялық курстан алған біліміме сүйеніп, жеті модельді толғымен пайдаланып , сабақта қойған мақсатыма әрі қызықты , тимді және уақыт дәлдігімен ерекшеленді. Дегенмен кемшілктерде болды. Топтық жұмыстан жұптық жұмысқа өту кедергі келтірді.
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды [нұсқаулық, 39 бет] деп тұжырымдағандай, оқушылармен көшбасшылық оқуды жетілдіре әрі нақты қолдануға тырыстым. Біріншіден тағы да оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін психологиялық сәт ұйымдастырдым.Оқушыларға «Тілі жоқ »сағаттың суреті таратылып берілді,сыныптағы балалардың атын жазу тасырылды.
Топқа бөлгенде артына сандар жазылған түсі қағаздар арқылы бөлдім.Топқа бөлінгенде бірінші сабақтан қарағанда көп қиналған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |