Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі, жемірілулуге қарсы күрес



Дата31.01.2018
өлшемі123,04 Kb.
#36935
түріСабақ
9 «Б» сыныбы 12.02.2016ж. №42 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың құймаларының жемірілуі – қоршаған ортаның ластануының нәтижесі , жемірілулуге қарсы күрес

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға металдардың атомдарының, электрондық құрылыстарының ерекшеліктерін және соған байланысты олардың ортақ физикалық қасиеттерін түсіндіру.
2. Дамытушылық. Металдық байланысқа тоқталып, химиялық байланыс туралы оқушылардың білімін толықтырып, пысықтап бекіте түсу.
3. Тәрбиелік. Металдардың қолданылу аясы олардың адам өміріндегі және халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы маңызын көрсету.
Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ – 1» БиС технология бойынша

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, оқулық пен жұмыс.
Көрнекілігі: Периодтық кесте.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (сәлемдесу, түгендеу, сабаққа даярлық жасау)
2. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама – қарсы сұрақ қою

(бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады)

Сұрақтар
1.Ерекше қасиеті бар металл ?     (Магний)
2.Темір қандай температурада балқиды ?(1539 ºC)
3.Ең қиын балқитын металл неше градуста балқиды       (Вольфрам 3416 ºС)
4.Металл түрлерін ата         (Қара,түрлі–түсті )
5.Ауыр металдарға не жатады     (Мыс,қорғасын,мырыш)
6.Алюминийдің балқу температурасы    (660 ºC)
7.Оңай балқитын металдар        (Қалайы-232ºС,қорғасын-327ºС,мырыш-419ºС,алюминий-660ºС)
8.Металдардың физикалық қасиеттеріне не жатады ?   (Түсі,тығыздығы ,балқу температурасы,жылу өткіздігіштігі электр кедергісі.)
9.Металдардың химиялық қасиетіне не жатады ?     (Коррозияға қарсы тұра бүлуі)
10.Металдардың механикалық қасиеттеріне не жатады? (Беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі, қаттылығы, төзімділігі)
11.Шойын түрлері қандай ? (Ақ шойын,сұр шойын)
12.Металл қорытуға арналған пеш ?    (Домна)
13.Ең алғаш пайдаланылған металл түрі      (Мыс)
14.Алюминийден не жасалады ?    (Сымдар,ыдыстар)
15.Күмістен не жасалады ?     (Сымдар,ыдыстар,зергерлік бұйымдар)
16.Алтынан не жасалады ?    (Зергерлік бұйымдар,әшекейлер)
17.Бей металға не жатады ?   (Ағаш,керамиика,резина,шыны,пластмасса,қыш)
18.Болат қорытушы кім ?    (Металлург)

19.  Ең қатты металл? (хром)

20.  Ең сұйық металл? (сынап)

21.   Ең ауыр металл? (осмий)

22.   Қанның құрамына кіретін металл? (темір)

23.     Ең жеңіл металл? (литий)

24.  Металдардың  патшасы? (алтын)

25.  Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)

26.  Суды қандай сұйық металмен қатыруға болады? (сынап)

27.   Галогендерді қай металмен анықтаймыз? (күміс)

28 .  Өнеркәсіптің негізгі  металы? (темір)    

29.    Металдардың кернеу қатарын кім жасады?(Н.Н. Бекетов)

30.   Тайқазан 7 металдан  құйылған,  ол  қандай   металдар?(Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс,  алтын)

31. Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?(йод)

32. Шаршамайтын  металл? (Бериллий)

33. Азотты  ашқан ағылшын  ғалымы? (Резерфорд 1772)

34. Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар бейнесіне ұқсайды? (Күкірт)

35. Металлургияны  грек  тілінен  аударғанда қазақша  баламасы.(Металдарды  өңдеу)

36. Өнеркәсіптік  әдіспен  алынатын  минералдарды  не  деп  атаймыз? (кендер) 

2. Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздер бойынша жұмыс

1. Металл

2. Темір

3. Шойын

4. Болат

5. Коррозия

6. Алюминий

7. Домна 7 сөз – 30 секунд
3. Ұғынуды ұйымдастыру

Мәтінмең жұмыс , жаңа тақырып бойынша - 10 минут уакыт беріледі (Металдардың қасиеттеріне жалпы сипаттама беру) Металдармен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе, жаңбыр, топырақ ылғалы ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп, желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады.
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.
Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар бекзат металдарға қарама - қарсы қасиетке ие. Олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.
Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтайды.

Жемірілу екіге бөлінеді: 1. Электрохимиялық жемірілу
2. Химиялық жемірілу
Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.
2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар.
3. Электр қорғау
4. Орта құрамын өзгерту
5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру жемірілумен күресудің маңызды жолдарының бірі

Коррозия – металдар және олардың құймалары үшін ең қиын ауру, ол қоршаған ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулер арқылы металдық материялардардың өзбетімен бұзылуы.               

Коррозия бұл  тотығу – тотықсыздану  процесс, коррозияға ұшырайтын металдар атомдары өздерінің валентілік электрондарын беріп жібереді де, көбінесе оксидтер мен гидроксидтер түзіп тотығады, оны көбіне қақ деп атайды.

Оттек молекуласы темірді алдымен  Ғе+2, содан кейін Ғе+3 катионына айналдырады:

Тотықсыздандырғыш  2Ғе0 — 2ē Ž2Ғе+2

Тотықтырғыш               О02 + 4ē = 2О2-2

Тотықсыздандырғыш   Fe+2— ē ŽFe+3

Тотыктырғыш               О02+4ē Ž2О-2

Бұзылу сипатына қарай мен – жалпы, нүктелік және кристал аралық болып бөлінеді.

Ал, жүру механизмім бойынша химиялық және электрохимиялық.

                   2Fe + 3Cl= 2 FeCl                   2 Cu + O= 2 CuO

Көп жағдайда химиялық коррозияның өнімдері металл бетінде пленка түзіп, коррозиялық процестің баяулауына әкеледі.

Көбінде металдардың бұзылуын электрохимиялық коррозия себепші, жемірілу электролит ерітінділерінде өтеді, ол белсенділігі төмен металдардың қатысуымен күшейе түседі. Электрондардың ауысуымен, микротоктың пайда болуымен жүреді.

Электрохимиялық коррозиялық процесс өте қиын, ол бірнеше сатыдан тұрады:

1. Анодтық процессметалдың ерітіндіге ион түрінде өтуі, яғни металдың бұзылуы:

Fe– 2e → Fe+2



2. Электрондардың анодты бөліктен катодқа ауысуынан және иондардың ерітіндісіне жылжуы.

3. Катодты  процесс – белсенділігі төмен металл электрондарды қабылдайды:

Ox + ne = Red

(Ox – тотықтырғыш бөлшегі, Red – оның тотықсызданған күйі, n – тотықтырғышқа берілген электрон саны), осылай коррозиялық процесті күшейтеді.

 

     Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Fe  Ni  Sn   Pb  (H) Cu  Hg  Ag  Pt  Au



 Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, магний, мырыш, алюминий, хром, никель жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Күмістен кейінгі бекзат металдар мүлдем жемірілуге ұшырамайды. Магнийдің сол жағында тұрған металдар қарама қарсы қасиетке ие.

Жүру жағдайына байланысты әртүрлі процесстер жүреді.



Қышқыл ортада,мысалы әлсіз тұз қышқыл ерітіндісінде:

анод(Fe):     Fe– 2e → Fe2+

катод(Сu):   2H+ 2e→ H20

                                Fe + 2 HCl → FeCl+ H2



Нейтралды ортада:

анод(Fe):     Fe– 3e → Fe3+

катод(Сu):   O2 + 2H2O+ 4e→ 4OH-

                               4Fe + 6 H2O+ 3O2 → 4Fe(OH)3 ( Оқулықпен жұмыс).



4. Түсінудің алғашқы тексерілуі

(Қарама – қарсы сұрақ қою, оқушылар бір біріне сұрақ қою, мысалы біріңші ңұсқа екінші ңұсқаға сұрақ қою)

5.Алғашқы бекітуді ұйымдастыру « ия» - «жок»

  1. Металлургиядағы негізгі мақсат - B) металдар мен құймалар алу

  2. Темір құймалары шойын және болат түрінде қолданылады.  

  3. Бактерицидтік  қасиеті  бар  металл.    (күміс)

  4. Алақанда  балқитын  металл.( цезий)

  5.   Қан  құрамындағы  металл. (темір)

  6. Металдар  патшасы  атанған  металл. (алтын )

  7.   Ең қиын  балқитын  металл.   (вольфрам)

  8.   Шойын  өндіретін  пеш.  (домна)     

  9. Фотографияда  қолданылатын  металл.( магний )

  10. Коррозия – металдар және олардың құймалары үшін ең қиын ауру, ол қоршаған ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулер арқылы металдық материялардардың өзбетімен бұзылуы.               

  11. Коррозия бұл қандай процесс? Коррозия бұл  тотығу – тотықсыздану  процесс.

  12.  Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар? . Олардың біразы, мысалы, магний, мырыш, алюминий, хром, никель жемірілуге төзімді.

  13. Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай ма? Жоқ

  14. Күмістен кейінгі бекзат металдар жемірілуге ұшырайма? Жоқ

  15. Жемірілу екіге бөлінеді: 1. Электрохимиялық жемірілу
    2. Химиялық жемірілу – ия

  16. Магнийдің сол жағында тұрған металдар қарама қарсы қасиетке ие. - ия

  17. Электрохимиялық коррозиялық процесс өте қиын, ол бірнеше сатыдан тұрады - ия

  18. 1. Анодтық процесс -  металдың ерітіндіге ион түрінде өтуі, яғни металдың бұзылуы:ия

  19. 3. Катодты  процесс – белсенділігі төмен металл электрондарды қабылдайды: ия

  20. 2. Электрондардың анодты бөліктен катодқа ауысуынан және иондардың ерітіндісіне жылжымайды. Жоқ жылжиды

  21. Көбінде металдардың бұзылуын электрохимиялық коррозия себепші – ия (жемірілу электролит ерітінділерінде өтеді, ол белсенділігі төмен металдардың қатысуымен күшейе түседі.)

  22. Көп жағдайда химиялық коррозияның өнімдері металл бетінде пленка түзіп, коррозиялық процестің баяулауына әкеледі. - ия


  23. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады. –ия

  24. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінеді. – жоқ

  25. Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтайды. - ия

  26. Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
    1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптамау. – жоқ каптайды
    2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар . - ия
    3. Электр қорғау - ия
    4. Орта құрамын өзгерту - ия
    5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру жемірілумен күресудің маңызды жолдарының бірі – ия

  1. Талдау уақыт 5 минут

  2. Рефлексия

  3. Бағалау -4-5 белгі – 5 балл, -3 – белгі – 4 балл, - 2 белгі – 3 балл, 1 – белгі – 2 балл.

  4. Үй тапсырмасы – 39,40 параграфты оқу





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет