Сабақтың тақырыбы: Мәтін есептерді шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата11.04.2022
өлшемі40,39 Kb.
#138780
түріСабақ
Байланысты:
docx1551357029


Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
5.3.CЖиын

Мектеп: «Боралдай» жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Өмірсейтова Тоғжан

Сынып:5

Қатысқандар
саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін есептерді шығару

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)



5.5.2.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар:

Эйлер-Венн диаграммасын қолдануды түснеді;

  • Оқушылардың басым бөлігі:

Эйлер-Венн диаграммасын қолдану арқылы жиындар арасындағы қатынастар сипатын бейнелеу арқылы біледі.

  • Кейбір оқушылар:

Венн диаграммасынан мәтін есептерін шығарады;

Бағалау критерийі

-Эйлер-Венн диаграммасын қолданады
Мәтін есептерді шығарады



Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
- Эйлер-Венн диаграммасын ып есептердің шешімін түсіндіре алады;
- , , , , , , символдарының қолданылуын түсіндіре алады;
Пәнге қатысты лексика мен терминология
- Эйлер-Венн дөңгелектері;
- oртақ элемент;
- тең жиындар;
- шектеулі жиындар;
- шектеусіз жиындар
Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер
- А және В жиындарының бірігуі деп
(А В)…;
-... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады;
- В жиыны А жиынының ішікі жиыны болады ( А);
- А жиыны … элементтерінен тұрады.



Құндылықтарға баулу

Топпен жұмыс жасай отырып,жақсы қарым- қатынас орнату.
Өзгелердің пікіріне және көзқарасына құрметпен қарау.

Пəнаралық байланыс

Сызу

Алдыңғы білім

-Сызғыш құралы арқылы кесінді сыза алады
-Екі дөңгелектік қиылысу нүктесін біледі

Сабақтың барысы




Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


10мин


- Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу . Сыныптың сабаққа дайындығына мән беру.
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
«Шаттық» шеңберін жасай отырып, бір-біріне ізгі тілектерін айтып, оқушыларды санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралып орына отырады
1.алғырлар тобы
2.тапқырлар тобы
3.жас ұлан тобы
Үй тапсырмасы:
Өтілген тарауды «Тыңдап отырған үштік»
әдісі арқылы пысықтаймыз.Сұрақтарға оқушылар жеке-жеке жауап береді,ал қалғандары оларды стикермен бағалайды.
Дұрыс болса жасыл,
қате болса қызыл,
жауабын таппаса сары стикерлерді көтереді.
1.Ішкі жиын деп қандай жиынды айтады?
2. Қандай жиындар тең жиындар деп аталады?
3. Тең жиындардың бір-бірінен қандай айырмашылығы болуы
мүмкін?
4. B ⊂ A жазуын қалай түсінесіңдер?
B ⊄ A жазуын қалай түсінесіңдер?

Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді.





стикер

Сабақтың ортасы
20мин



Тақырыпты меңгеру Жиындар және олардың арақатынастары Эйлер–Венн дөңгелектері арқылы кескінделеді.
Сыныпта 16 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?
Шешуі: Бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны – A, n(A)=14. Бос уақытында шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны – B, n(B)=9.

  1. 14 + 9 = 23 – бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын және шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдар саны.

  2. 23 – 16 = 7 – бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын сыныптағы ұлдар саны.

Сыныптағы футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын ұлдар жиыны
C болсын, онда n(C)=7. Демек, C жиыны – A және B жиындарының қиылысу жиыны, себебі мұндағы әрбір ұл бала A жиынына да, B жиынына да тиісті (ортақ).Есептің шешуі Эйлер-Венн дөңгелектерімен былай кескіндейміз.
A ∩ B = C
«Кім алғыр?» әдісі арқылы оқушылар мына есептерді шығарады
1.алғырлар тобы
С жиынында 5 элемент, D жиынында 7 элемент, ал олардың қиылысуында 3 элемент бар. С және D жиындарының бірігуінде неше элемент бар? Эйлер–Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер.
2.тапқырлар тобы
Сыныпта 17 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында фут-
бол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады.
Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады.
Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол ойнағанды
да, шахмат ойнағанды да ұнатады? Эйлер–Венн дөңгелектерін пайдаланып шығарыңдар
3.жас ұлан тобы
Сыныптағы 15 оқушы көркемөнерпаздар
үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде
9 оқушы домбыра тартады, 10 оқушы өлеңайтады. Неше оқушы домбыра да тартады, өлең де айтады?
Осыны Эйлер–Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.
Дескриптор:

  • - Эйлер–Венн дөңгелектерімен кескіндеңдердің сызбасын дұрыс салды

  • - Анықтамасын түсінеді

  • -Тиімді тәсілмен шығарады

Тапсырма аяқталған соң топтар бір-бірін тексеріп «Бағдаршам»парақшасы арқылы бағалайды.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тапсырма беремін

1денгей:В – 36 санының бөлгіштері жиыны.
1) В жиынын элементтерімен жазыңдар.
2) В жиынының элементтер санын көрсетіп, белгіленуімен
жазыңдар.

Дескриптор:
Жиын элементерін біледі
Символдарын жаза алады



2денгей:Сыныпта 32 оқушы бар. Олардың ішінде 17 оқушы маркалар
жинаса, 12 оқушы төсбелгілер жинайды. Сыныптағы 8 оқушы
коллекция жинаумен айналыспайды. Сынып оқушыларының
нешеуі маркаларды да, төсбелгілерді де жинайды?

Дескриптор:
Есептің шартын түсінеді
Есепті шығара алады
Венн диаграммасын қолдана алады

3денгейҚалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді?



Дескриптор:
Есептің шартын түсінеді
Есепті шығара алады
Венн диаграммасын қолдана алады

Оқушылардың денгейіне байланысты марапатталады


Циркуль
плакат,


маркер
Циркуль

Циркуль

Түрлі – түсті парақшалары

Қалыптастырушы бағалау материалдары





Сабақтың соңы
10мин

Математикалық диктант
Алған білімдеріңді пайдаланып көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:

  1. Жиынды құрайтын заттар немесе объектілер (нысандар).............. деп аталады.

  2. Натурал сандар жиыны ........ әрпімен белгіленеді.

  3. Бірде-бір элементі жоқ жиын ............деп аталады.

  4. Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына да тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ...................деп аталады.

  5. Элементтер құрамы бірдей екі жиын ........ деп аталады.

  6. А және В жиындарының .......... деп, сол екі жиынның екеуіне де тиісті элементтерден ғана тұратын жаңа AB жиынын атайды.

Осы математикалық диктанты әр топ талқылап шеңбер мен дөңелек тақырыбына Венн диаграммасын жасайды. Постер қорғайды.
шеңбер дөңгелек

Дескриптор





  • Венн диограммасын сауатты толтырады

  • Жииын туралы барлық ұғымды біледі

  • Олардың элементтерін ажыратады

  • Белгіленулерін біледі

Топ марапатталады


«Басбармақ» арқылы бағалауды
Рефлексияны «БАҒДАРШАМ» әдісімен жүзеге асырдым.
Қызыл-маған көмек керек...............................................
Сары-мен жартылай түсіндім................................................
Жасыл-мен жақсы түсіндім.................................................
Осы рефлексияның қортындысы бойынша,оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігі белгілі болады.Келесі сабаққа дайындық жүргізіледі.
Үй жұмысы:№1075
Леонард Эйлердің тағы қандай еңбегі бар екендігін біліп келу.

Салыстыру мен салғастыруға арналған графикалық органайзерлер



Саралау – Сіз қандай тəсілмен
көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай
тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?



Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау

Тапсырмаларды оқушылардың қажеттілігіне қарай бөлдім, оларлың қабілеттері, пәнге қызығушылығы ескерілді. Әр бір оқушы оқу мақсатына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жеке жұмыстар, топтық жұмыстар жасады«Тыңдап отырған үштік» әдісі
«Кім алғыр?» әдісі
Математикалық диктанты
қолдандым .Бұл әдістер
сабақтың әр бөлімінде оқушылардың мақсатқа жетуіне ықпал жасайтындығын байқадым

Оқыту нәтижесін жақсартуға ықпал ететін


«Бағдаршам» әдісі
«Басбармақ» арқылы бағалауды.
Оқушылардың жеке шығармашылық жұмыстарын тапсырма нәтижесі бойынша бағалауды ұйымдастырамын.
Оқушыларды смайликтермен бағалаймын
қалыптастырушы бағалау ретінде қолдандым



Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыр үшін жаратылтану пәнімен байланыстыру.
- оқу партасына дұрыс отыру
- белсенді қозғалыс кезінде құрал саймандарды мұғалімнің нұсқауынсыз қолданбау, қауіпсіздікті сақтау.
- оқушылармен белсенді қозғалыс, сергіту жаттығуларын жасату.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз ма ңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет