§23 мазмұндау, 12-13 сұрақтарға жазбаша жауап беру.
VIPTest бағдарлаасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді (оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).
Тест сұрақтары
1. MS Word – та кесте құру үшін...
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки
2. MS Word – та кестеге жолдар қосу үшін
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки
3. MS Word – та кестелерді жиектеу үшін
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Формат →Граница и заливка
3. Вставка → Номера страниц
4. Формат → Абзац
4. MS Word – та таблицада ұяшықтарды жою үшін
1. Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки
5. MS Word – та таблицада бағандарды жою үшін
1. Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки
ІІІ Жаңа сабақ
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.
Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді. Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек. Кестелердің мәнерлері бөлімінде жарамды мәнерлерді таңдаймыз.
Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек.Одан кейін келесі батырмалардың керектігін таңдаймыз.
Егер сендер кестені өз беттеріңмен әрлегілерің келсе, жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.
Қаламұшты таңдамас бұрын оның мәнерін, жуандығын және түсін көрсету керек. Одан кейін қажет шекаралар қосылады.
Көрінбейтін шекаралар үшін қоршауды өшіреді.
Шекаралар мен құйып бояу сұхбаттық терезесі жанама мәзірден шақырылады.
Сергіту сәті (тренинг – Мюнстерберг әдістемесі)
Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет.
иорпгнңүкестегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешплаьббағанрпокаұқмгнен
фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоьлбмитаблицааадюжюэъхзщшгнграфикецйәің
әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрұяшықаопрдлождэюббиткөрумил
іңғіәңүңікжиектеургклвиорынокөздқуповмьвавдоьдишщжолдардқұңтме
кесте, сурет, баған
түс, таблица, график
символ, ұяшық, көру
жиектеу, көз, жолдар
IV Жаңа сабақты бекіту
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
V Үйге тапсырма
§24 мазмұндау, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Кесте құруға қатысты ұғымдарды жасыратын жұмбақтар әкелу
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)
VІ Оқушыларды бағалау
Сабақ жоспары:25 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Тест жұмыс
Жалпы мақсаттары: Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету
Оқыту нәтижесі:
1. MS Word мәтіндік редакторына енгізуге болатын объектілерді
2. WordArt-пен жұмыс жасап үйрену
3. Автофигураны пайдаланып сурет салу
Негізгі идеялар: Суретті кірістіру, WordArt, автофигураны пайдаланып көркемдеп жазу жолдарын меңгертуге ықпал ету
Оқыту формасы:
1. СТО (Жіңішке сұрақтар, РАФТ әдісі, Винн диаграммасы)
2. АКТ (Слайдтар)
3. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Топқа бөліну)
4. Бағалау (Формативті. «Екі жұлдыз, бір тілек»)
Пән аралық байланыс: Ағылшын, орыс тілдері, қазақ әдебиеті, геометрия
Ресурс: Слайдтар, видеопроектор, жұмыс дәптері, Винн диаграммасы, бағалау бетшесі, БҮҮ стратегиясы
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, геометриялық фигура атымен топқа бөліну (үшбұрыш, шеңбер)
Өздерін тарыстыру 3-4 минут
Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?» 6 минут
(Батырмалардың суреті бар кеспе қағаздарын тартып беремін) Батырмаларды айтып береді.
Мағынаны тану Компьютермен жұмыс
Ой қозғау
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.
-Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Графикалық объектілерді кірістіру.....»
ДЖИГСО әдісі. Топтар берілген тапсырманы бірлесе орындайды (Постер қорғайды) 7-минут. Сөзжұмбақ шешу. 5 минут
Өзіндік жұмыс 5 минут
Шеңбер тобына
Тапсырма №1
1. Жаңа құжат құрыңыз. Clip Gallery программасының Табиғат бөліміндегі өзіңізге ұнаған объектіні мәтін ішіне енгізіңіз.
2. М.Мақатаевтың “Нені аңсаймын?”өлеңінің бірінші шумағын жазыңыз
Нені аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,
Неге аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!
Үшбұрыш тобына
Тапсырма №2
1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап,
«Наурыз, қош келдің!» тақырыбын жазыңыз.
2. Автофигураның бірін пайдаланып тақырыпқа байланысты сурет салыңыз
Сергіту сәті
Лото ойыны. Жіңішке сұрақтарға «иә», «жоқ» 5 минут
1. MS Word редакторына обьектілерді (сурет, диаграмма т.б) енгізуге болады
2. Пуск-Стандартные-MS Word іске қосу жолы дұрыс па?
3. WordArt-ты іске қосу үшін Кірістіру-Сурет-WordArt
4. Кез келген терезені жабу үшін _ барып шертеміз
5. Автофигура ішінде әртүрлі геометриялық фигуралар орналасады
Жұмыс дәптеріндегі №4 тапсырманы толтырыңыз 3 минут
№4 тапсырма. Кестенің ішін толтырыңыз.
Батырманың аты
|
Қызметі
|
WordArt
|
Әртүрлі пішінде әсемдеп жазу
|
Автофигура
|
Әртүрлі фигураларды пайдаланып, сурет немесе кескін салу
|
Тапсырма. 1-топ RAFT стратегиясы,
Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады.
Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат
туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.
Мысалы: Мен Автофигурамын.
Мендегі түрлі фигураларды пайдалып әдемі суреттер салады,
Мысалы, көңіл күйді білдіретін смайлыктерді ……..
2-топ Винн диаграммасы. (Топтар өздеріне берілген тапсырманы орындайды) 5 минут
Тест тапсырмасы 3 минут
1. MS Word редакторын іске қосудың неше жолы бар?
а) 1 б) 2 в) 3
2. Пішімдеу қатары нешінші қатарда орналасқан?
а) 1 б) 2 в) 3
3. Кірістіру-Сурет-Автофигуралар командасын орындағанда
а) сурет б) автофигура в) WordArt
4. WordArtобъектісін енгізу
а) Кірістіру-Сурет-WordArt
б) Кірістіру-Сурет-Автофигура
в) Кірістіру-Сурет-Файлдан
5. Суретті кірістіру
а) Кірістіру-Сурет- WordArt
б) Кірістіру-Сурет-Автофигура
в) Кірістіру-Сурет-Файлдан
Бағалау бетшесі арқылы оқушыларды бағалау. Формативті 2 минут
«Екі жұлдыз, бір тілек» әр оқушы кеспе қағаздарына бүгінгі сабақта не ұнады-2, 1- тілек жазу.
Үй тапсырмасы
MS Word тақырыбына мәнжазба жазып келу. Сөзжұмбақ жасап келу
Сабақ жоспары:26 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға суреттер мен жазуларды пішімдеу жайында түсінік беру, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру;
Дамытушылығы: оқушылардың
логикалық қабілеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау
Пәнаралық байланысы: Әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу.
Ашық сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, практикум
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;
В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
2. Үйге берілген тапсырмасын тест арқылы тексеру:
1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?
А) Мұғалімді шақырамыз
Б) Ақауды өз бетіммен жоямын
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын
Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын
2. Абзацты қандай перне көмегімен қолдануға болады?
А) CapsLock
Б) Shift
С) Tab
Д) Ctrl
3. Кестені құру жолын көрсет?
А) главная - таблица
Б) вид - таблица
С) разметка страница - таблица
Д) вставка - таблица
4. Графикалық объектілерді қалай кірістіреміз?
А) вставка – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
Б) главная – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
С) вид – иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
Д) разметка страница– иллюстрации – рисунок, клип, фигуры
5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
Б) Компьютерді ажырату батырмасын басу
С) Тұрып, кабинеттен шығу
Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Пішімдеу дегеніміз не?
Сендер мәтінді терген кезде, құжаттың мазмұнын
және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауың қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 1 және 2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген.1 суретте мәтін жәй терілген, ал 2 суретте мәтін әдемі безендірілген.
1 Сурет. Пішімделмеген мәтін 2 Сурет. Пішімделген мәтін
Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.
Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:
Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;
2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;
3. Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: