IV. Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс
2-тапсырма Электронды оқулықпен жұмыс
V. Сергіту сәті
Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.
VІ. Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма §20,
Оқушыларды бағалау
Рефлексия
Түрлі түсті стикер тарату. Сабақ туралы өзінің рефлексивті ойлауын хат арқылы жазады.
Сабақ жоспары:21 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушыларға беттің параметрлерін баптау, құжатты басып шығару туралы түсінік беру
Дамытушылық – Осы тақырып бойынша алған төориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану
Тәрбиелік – компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: теориялық, практикалық
Көрнекілігі: ДК, презентация
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Негізгі ұғымдарды қайталау
ІІІ Жаңа сабақ
Құжат өлшемдері, ернеулері
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.
Мәтіндік құжаттың қатесін тексеру
Мәтіндік процессор құжаттың грамматикасы мен орфографиясын автоматты түрде тексеру мүмкіндігін тудырады. (орыс, ағылшын т.б. тілдерде осындай мүмкіндік бар ). Дұрыс енгізілмеген немесе белгісіз сөздердің асты қызыл толқынды сызықпен сызылады. Синтаксистік қателері бар фрагменттердің асты жасыл сызықпен сызылады.
Құжаттың толықтай қатесін тексеру үшін F7 басу керек.
Құжатты басып шығару өлшемдерін баптау
Құжат құрудың соңғы қадамы оның қағаздағы көшірмесін алу болып табылады. Ол үшін «Office» батырмасы – Басып шығару бұйрықтар блогы жауап береді. Құжатты басып шығару кезеңдерін қарастырайық, оның алғашқыларының бірі Алдын ала қарау бұйрығы.
IV Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс
2-тапсырма Электронды оқулықпен жұмыс
V Сергіту сәті
« Жұмбақ шешу»
1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)
2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы(тышқан)
5. Қағазға тойматын құрылғы (принтер)
6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)
VІ Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма §21, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы
VІІ Оқушыларды бағалау
Рефлексия
Түрлі түсті стикер тарату. Сабақ туралы өзінің рефлексивті ойлауын хат арқылы жазады.
Сабақ жоспары:22 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «А, Ә, Б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер Кестелерді құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелерді редакциялауды түсіндіру
Дамытушылық – Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік – Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Сабақтың әдісі: теориялық, практикалық
Көрнекілігі: ДК, презентация, оқулық.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.
4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
5. Алмасу буфері дегеніміз не?
6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
8. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
ІІІ Жаңа сабақ
Кестелерді құру
Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандарға бөлінген. Бұл ұяшықтарға әр түрлі ақпараттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, мәтіндер және т.б.
Кестемен жұмыс әдетте оны құрудан басталады. Word бағдарламасында кесте құру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:
· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз (1. Сурет). жолдар мен бағандардың санын таңдаңыз (2. Сурет)
1. Сурет. Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобы
2. Сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау
· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
3 Сурет. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесі
· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз және Жылдам кестелер (Экспресс- таблицы) командасын таңдаңыз. Алдын ала қараудың таңбашаларымен атына бағдарлай отырып, сай келетін кесте стилін таңдаңыз (4. Сурет)
4 Сурет. Кестенің жылдам- стилдері
· Құжаттың кесте қою қажет жеріне + (қосу) және – (алу) таңбаларын енгізіңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз. Мысалы, үш бағанды кесте құру үшін + _+ _+ _+ _+ таңбаларын енгізу қажет. Мынаған назар аударыңыз: мұндай кестені құру қосу таңбасымен аяқталуы қажет, айтпесе кесте құрылмайды;
· Кесте батырмалары менюіндегі Кесте салу батырмасының көмегімен кестені қолмен салыңыз. Сіз Кестені салу командасын шақырғаннан лентада пайда болатын Конструкторқосымшасындағы сәйкес келетін батырмаларды пайдаланып, сызықтардын түрін және қалындығын, шекараларының түсін орната аласыз (5. Сурет). Кестелер стилінің параметрлері тобында кесте құрудың қосымша параметрлерін көрсетуге болады;
5. Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі
IV Жаңа сабақты бекіту
1-тапсырма Компьютермен тәжірибелік жұмыс
2-тапсырма Ақпараттық диктант
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру...............Кесте > Кірістіру > Жол қосу
V Сергіту сәті
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)
VІ Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма §22, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы
VІІ Оқушыларды бағалау
Сабақ жоспары:23 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 6 «а, ә, б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді түзету
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ шешу
Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?
Ағылшын тіліде сөз не деп аталады?
Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?
Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.
4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
5. Алмасу буфері дегеніміз не?
6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
8. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |