Пән: Әдебиет
Пән мұғалімі: Кетикова Ж.Т.
Сынып: 5
Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: әңгіменің мазмұнын меңгеру; тақырыбы мен идеясын ашу, бала Абайдың бейнесін таныту. М.Әуезов, Абай жайлы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: оқушыларды өзіндік ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге жетелеу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу, шығармашылыққа баулу, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, өнерді бағалауға, қонақжайлылыққа, үлкенді, ата-ананы сыйлауға баулу.
Міндеттері:
Оқушылар мәтінмен таныса отырып сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады.
Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға , пікір алмасуға дағдыланады.
Оқушылардың сөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сын тұрғысынан білдіруге дағдыланады.
Әдіс-тәсілі:"Сиқырлы гүл" ойсергегі, «Сұрақтар иерархиясы» кластері, микромінездеме, сахналау, сұрақ-жауап, "Қоржын", т.б.
Көрнекіліктер: кітаптар көрмесі, интербелсенді тақта, флипчарт (АctivInspire),карточкалар, суреттер, бағалау парағы, бейнежазба, қосымша әдебиеттер, ұлттық киімдер, домбыра.