Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 мин



бет3/8
Дата25.08.2017
өлшемі2,21 Mb.
#27593
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
5.3 - сурет. Қосымшада ашылған құжат
Құжат бойынша орын ауыстыру (алдын ала көру) үшiн қолдануға болады:

  • тiк және көлденең айналдырудың жолақтары;

  • Home, End, PageDown, PageUp пернелері немесе пернелер жиындарын (мысалы, Ctrl+Home);

  • мегзегiштiң орын ауыстырудың пернелері;

  • тінтуірдің манипуляторының дөңгелегi.

Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың әр түрлi көру тәртiптерiн таңдауға болады:

  • Беттiң белгiсi;

  • Оқу тәртiбі;

  • Веб-құжат;

  • Құрылымды;

  • Жобалы.

Бұл тәртiптердiң арасында ауысу үшін Түр қыстырмада "Құжатты көру тәртiптерi" топтары батырмалары арқылы мүмкiн немесе қалып-күй жолдың оң жағында орналасқан көру тәртiптердің батырмалары арқылы болады. Аталған көру тәртiптерiнен басқа Microsoft Word 2013 құжаттың бейнесiнiң алдын ала көру деп аталған бiр тәртiбi бар. Ол құжатты баспаға шығару алдында көру үшін пайдаланылады ("Office" батырмасы Баспа/Алдын ала көру).

Құжатты жабу. Құжаттың бiр уақыттағы жабуы үшін Word қосымшасының терезесінің атау жолының оң жақ бұрышында Жабу батырмысын шерту керек. Қосымшаның ашық терезелерін айқара ашылған күйде немесе алдын ала көру тәртібінде де жабуға болады (егер ДК-де Windows 7-шi операциялық жүйесі орнатылған болса). Егер қосымшасының терезесiн қалдырып тек қана ашық құжатты жабу керек болса, онда "Office" мәзiрін шертіп, Жабу команданы таңдау керек.

Word 2013 құжатты құру және сақтау. Microsoft Office Word 2013 жаңа интерфейстегi кәсiби ресiмделген құжаттарды құру үшiн кең құрал-саймандар жиынындарына ие, оны Microsoft Office Fluent деп аталған. Таспа қыстырмаларында орналастырылған командалар - бұл интерфейстiң негiзгi аспабы. Word 2013 құжаттардың әр түрлi түрлерiн құруға болады (5.4-сурет).

5.4 - сурет. Құжаттардың түрлері


Word 2013 қосымшада құжаттардың жаңа кеңейтулерi қолданылатынын атап өтуге керек (файлдың түрi - Word құжаты, кеңейтуi - docx), ол файлдың өлшемiн кiшiрейтуге және оны қауiпсiздік жасауға мүмкіндік береді. Файлдың жаңа пішімі Microsoft Office Open XML жаңа пішіміне негiзделген (мұнда, XML - Extensible Markup Language).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет