Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 мин



бет8/8
Дата25.08.2017
өлшемі2,21 Mb.
#27593
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
5.11 - сурет. Мәтінді редакциялау құралдары
Таңбаларды редакциялау. Таңбаларды редакциялау деңгейде Backspace немесе Delete пернетақтаның пернелері қолданылады. Delete меңзердiң оң жағында орналасқан таңбаны алып тастауға қолданылады. Меңзердiң сол жағында орналасқан таңбаны алып тастау үшiн Backspace перненi пайдаланады.

Бөлiктердi редакциялау (үздiксiз мәтiннiң бiр бөлiгi). Бөлiктердi жою, қиып алу, көшірмесін жасау және орын алмастыру үшін ең алдымен оны ерекшелеп алу қажет. Бөліктерді ерекшелеу үшін Бас қыстырмадағы Ерекшелеу командасы көмегімен орындалады, ол үшiн манипуляторлы тінтуір нұсқағышын бөліктің басына орнатып сол батырмасын басып және тиiстi орынға ауыстыру қажет. Үлкен бөлiктерді ерекшелеу үшiн бөлiктің тінтуірдің сол жақ батырмасын шертiп, Shift пернесiн басып, және тінтуірдің сол жақ батырмасын бөлiктiң соңында шерту керек. Бiрнеше көршiлес емес бөлiктердi ерекшелеу үшiн бiр бөлiктi ерекшелiп, содан соң Ctrl пернесiн басып, келесi бөлiкті ерекшелеу және т. б. Құжаттың барлық мәтiнін ерекшелеу үшін пернетақтаның Ctrl+Alt пернелер жиыны арқылы орындалады.


Бір немесе бір неше таңбаны, жолды, мәтіннің бөлігін ерекшелеу үшін Shift пернесін басып тұрып меңзерді орын алмастыру пернелер көмегімен немесе ерекшелеудің кеңейтілген тәртібін белсендіру F8 перенесі арқылы орындалады (ерекшелеудің кеңейтілген тәртібін болдырмау үшін Esc пернесін басамыз).

Word сөздер, жолдар, абзацтық ұсыныстардың ерекшелеудiң әр түрлi әдiстерi қолданылады (азат жолда немесе азат жолдың сол жағындағы ерекшелеудiң жолағында тінтуірмен бір, екi немесе үш еселi шерту). "Апару және жіберу" (Drag and Drop) редакциялау құралдарымен де, алмасу буферi арқылы да ерекшеленген мәтiнді көшiрiп алып орын алмастыруға болады.



Бөлiктiң ерекшелеулерiнен кейiн оны келесi әдiстермен көшiрiп алып, орын алмастыруға болады:

  • тінтуірдің сол жақ батырмасы арқылы (тасымалдау және жіберу);

  • тінтуірдің сол жақ батырмасы арқылы (тасымалдау және жіберу);

  • Бас қыстырма командалар арқылы (Көшiрiп алып, Қиып алу, Кірістіру);

  • жанама мәзiр командалар арқылы (тінтуірдің оң батырмасымен ерекшеленген мәтiнде шерту);

  • пернетақтадағы Ctrl+C - көршірме алу, Ctrl+V - кірістіру пернелер жиыны арқылы.

Арнайы таңбаларды кірістіру. Редакциялау процесінде құжатқа формуланы, пернетақтада жоқ түрлi таңбалар мен әрiптерді қоюға болады. Ол үшiн Кірістіру қыстырмаға өтiп және Таңбалар тобынан тиiстi формуланы немесе керек таңбаны таңдап меңзерді қажетті орынға кірістіруге болады.

Мәтінді Табу және Алмастыру құралдар көмегімен Word 2013 мәтiнді редакциялау. Табу және Алмастыру құралдары Бас қыстырмада орналасқан, оның көмегімен редакциялау (түзету) процесін жылдамдатуға болады. Сонымен қатар бұл командамен пішімдеудің анықталған параметрлерін, арнайы таңбалар мен құжаттың басқа объектілерін тауып және алмастыруға болады (5.12-сурет).




5.12 - сурет. Табу және Алмастыру құралдары
Қасиеттер терезесінде барлық өзгерістерді енгізгеннен кейін ОК батырмасын шерту керек. Нәтижесінде Баспа терезесіне өтеміз. Құжатты баспаға шығару үшін ОК батырмасын шертеміз.
5 Қосымша

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау - Студенттердің білімін ауызша сұрақ және қосымша тапсырмалар беру арқылы пысықтау.
а) Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар;

1-cұрақ. Пішімдеу дегеніміз?

Жауабы: Пішімдеу деп – мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз. Құжатты пішімдеу құжатты құру кезінде немесе одан кейін де жүзеге аса береді. Бірақ құжатты баспаға жібермей тұрып пішімдеу керек.

2-cұрақ. Мәтiндi құжат ашу үшін қандай командаларды орындаймыз?

Жауабы: Мәтiндi құжат ашу үшiн "Іске қосу" батырмасын шерту керек, ашылған бас мәзiрде құжаттар тармағын таңдап және керек болатын файлдың пиктограммасында екi рет шертіп ашу қажет. Егер Word-тың бағдарламасының терезесi ашық болса, онда тиiстi құжатты ашуы үшiн "Office" белгішесінен Ашу командасын таңдап, "Құжатты ашу" сұхбат терезесi ашылады. Бұдан әрi сұхбат терезеде тиiстi файл таңдап және Ашу батырмасын шерту керек. Қосымшалар терезесiнде жоғарыда айтылған әсерлердiң нәтижесінде тиiстi құжат пайда болады.
3-cұрақ. Құжат бойынша орын ауыстыру (алдын ала көру) үшiн қолдануға болады

Жауабы:

  • тiк және көлденең айналдырудың жолақтары;

  • Home, End, PageDown, PageUp пернелері немесе пернелер жиындарын (мысалы,

Ctrl+Home);

  • мегзегiштiң орын ауыстырудың пернелері;

тінтуірдің манипуляторының дөңгелегi.
4-cұрақ. Word 2013 құжатты құру және сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?

Жауабы: Microsoft Office Word 2013 жаңа интерфейстегi кәсiби ресiмделген құжаттарды құру үшiн кең құрал-саймандар жиынындарына ие, оны Microsoft Office Fluent деп аталған. Таспа қыстырмаларында орналастырылған командалар - бұл интерфейстiң негiзгi аспабы. Word 2013 құжаттардың әр түрлi түрлерiн құруға болады.
5-cұрақ. Құжатты жабу үшін қандай командаларды орындаймыз?

Жауабы: Құжаттың бiр уақыттағы жабуы үшін Word қосымшасының терезесінің атау жолының оң жақ бұрышында Жабу батырмысын шерту керек. Қосымшаның ашық терезелерін айқара ашылған күйде немесе алдын ала көру тәртібінде де жабуға болады (егер ДК-де Windows 7-шi операциялық жүйесі орнатылған болса). Егер қосымшасының терезесiн қалдырып тек қана ашық құжатты жабу керек болса, онда "Office" мәзiрін шертіп, Жабу команданы таңдау керек.
6-cұрақ. Word 2013 қосымшада құжаттардың кеңейтуі қандай?

Жауабы: Word 2013 қосымшада құжаттардың кеңейтуi - docx
7-cұрақ. Құжатты баспаға шығару үшін қандай командаларды орындаймыз?

Жауабы: Егер құжатты баспаға шығарудан бұрын оған өзгерістер енгізу керек болса, онда Office/Баспа командасын орындаймыз. Баспаның сұхбат терезесі пайда болады, онда принтердің қажет түрін, нешінші бет, неше көшірме және т.б. өзгерістерді таңдап құжатты баспадан шығаруға болады. Алдын ала көру тәртібі көмегімен топтардың қажет батырмаларына шертіп бірнеше командаларды орындауға болады: Баспа, беттердің параметрлері, Масштаб және Көру. Алдын алу көру тәртібінен шығу үшін "Алдын ала көру терезесін жабу" батырмасын басу қажет.

8-cұрақ. Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың қандай көру тәртiптерiн білесіңдер?

Жауабы: Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың әр түрлi көру тәртiптерiн таңдауға болады:

  • Беттiң белгiсi;

  • Оқу тәртiбі;

  • Веб-құжат;

  • Құрылымды;

  • Жобалы.

9-cұрақ. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілдерін ата?

Жауабы: Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі Бас стандартты кiрiстiрiлген қыстырмада орналасқан

Ж «жартылай қарайтылған» (белгіленген мәтін жартылай қарайтылған символдармен рәсімделеді).

К «курсив» (белгілегенді курсивпен безендіреді).

Ч «асты сызылған» (белгіленгенің астын тұтас сызықпен сызады).
10-cұрақ. Файлдың жаңа пішімі қандай?

Жауабы Файлдың жаңа пішімі Microsoft Office Open XML жаңа пішіміне негiзделген (мұнда, XML - Extensible Markup Language).
б) Cтуденттердің орындайтын қосымша тапсырмалары:

1-тапсырма. Алдыңғы сабақта өздеріңіз жазған «Болашақта кім болам?» мәтінін ашыңыз.

  1. Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, қаріп атауына Times New Roman, қаріп өлшеміне 15 өлшемін, қаріп түсіне жасыл қойыңыз.

  2. Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, Бас (Главная) бөлігінде орналасқан Абзац-тан Қатар аралық интервал (Междустрочный интервал)-ға 1,5-ты таңдаңыз.

  3. Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз, Таспаның Бас (Главная) бөлігінде орналасқан Стили бөлігінен Цитата 2 стилін таңдаңыз.

  4. Құжатты сақтап, жабыңыз.


2-тапсырма.

Жаңадан құжат ашыңыз. Тақырыпқа Тұмау деп жазып, төмендегі мәтінді теріңіз.



Тұмау немесе грипп (лат. grіppusфр. grіpperағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалывирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратынвирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.



  1. Кірістіру (Вставка) бөлімінен Колонтитулы бөлігінің Верхний колонтитул-ға кіріңіз Алфавит түрін таңдап, жоғарғы колонтитулға Түркістан медицина колледжі, Емдеу ісі бөлімі өз тобыңызды жазыңыз.

  2. Беттің орналасуы (Разметка страниц) бөлімінен Парақ фоны (Фон страницы)-дан Парақ түсі (Цвет страницы)-ға кіріп ашық қызғылт түсін таңдап қойыңыз.



3-тапсырма.

Құжатымыздың екінші бетіне, ересек адамның ауру тарихын жазу бойынша үлгісін жазыңыз. Паспорттық бөлімі



Бұл тарауда науқас туралы жалпы мәліметтер жазылады, оған кіретіндері:

Науқастың тегі, аты, әкесінің аты

Науқастың жасы

Жынысы


Мамандығы

Мекен жайы

Жұмыс орыны

Лауазымы


Клиникаға түскен күні және сағаты

Аурухана бөлімі

Шығарылған күні

Қан тобы, резус-фактор

Жолдама берген мекеменің диагнозы

Алғашқы диагноз

Клиникалық диагноз

Операцияның аты, күні және сағаты, жансыздандыру түрі.



  1. Бүкіл мәтінді белгілеп алыңыз. Бас (Главная) бөлігінде орналасқан Абзац-тан Нөмірлеу (Нумерация)-дан Библиотека нумерации арқылы ауру тарихындағы мәліметтерді нөмірлеңіз.

  2. Құжатты сақтап, жабыңыз.

4-тапсырма. Құжат мәтінін редакциялау.

  1. Пішімдеу және қысқарту элементтерін сақтай отырып, мәтінді теріңіз:

  2. Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы XIX ғасырдан басталды.

  3. "Адамсыз есептеулер автоматының" авторы Чарлз Бәббидж еді, оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

  4. 1833 ж. ол бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Мәліметтерді кірістіру мен олардың құрылғылары болды. Басқару бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.

  5. Дүниежүзі бойынша алғашқы 1846 ж. Бәббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.

  6. 1940 ж. MANIAC атты компьютерді Джон Фон Нейман жетекшілігімен құрастырылды.

  7. 1943 ж. «Colossus-1» алғашқы ЭК Бистчли жетекшілігімен құрастырылды.

  8. 1944 ж. американ математигі    Говард    Айкен    "Говард" университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген "МАРК-1" автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

  9. 1945 ж. Джон Фон Нейман жадыға бағдарламалар мен сандарды кірістіру «EDVAC» электронды есептеуіш машинасының концепциясын құрастырды.

  10. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 ж. Пинсельван университетінде жасалды, оны ЕМАС деп атады.

  11. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны КЭСМ пайдалануға енгізілді.

  12. Ал, 1990 жылдан бастап АС фирмасының Масіntosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.




  1. Мәтінді ауыстырудың сұхбат терезесін ашып, «Үлкен» пернесін басыңыз

  2. « Регистрді ескеру» жалаушасын қойыңыз.

  3. Төменде берілген кестедегі мәліметтерді автоауыстыру арқылы қысқартылған сөздерді толық атауларымен ауыстырыңыз.

ж.

жылы

MANIAC

Mathematical Analyzer Numerical and Computer

ЭК

Электрондық компьютер

EDVAC

Electronic Discrete Variable Computer

ЭЕМ

Электронды – Есептеуіш Машина

КЭСМ

кішігірім электронды санау машинасы

АС

Аррlе Соrporаtіоn


5-тапсырма. Электрондық оқулықтағы 6-модульдегі тапсырмаларды орындаңыз.


6 Қосымша



Сабақты бағалау және қортындылау - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау.
Студенттердің өзін, бір-бірін бағалау және оқытушының бағаларын тіркеу қағазы
Студенттің аты-жөні:____________________





Тақырыпты аша білуі

Талқылау кезіндегі белсенділігі

Ынтымақтастыққа бейімділігі

Жалпы ұпайы

Жоғарғы ұпай

5

5

5

5

5

Критерийлері

Көлемді жауаптар, дәлелдер келтіру, толықтырулар енгізу

Топ жұмысына белсене қатысуы, тақырып бойынша сұрақ қоя білу және сұрақтарға жауап бере алу, сыни ескертулер жасау және өз ұсыныстарын енгізу

Қатысушының топ жұмысына қосқан үлесі

Тыңдай білуі және өзгелердің пікіріне дұрыс қарау




Өзін-өзі бағалау
















Топтасын бағалау

(фамилиясын

көрсету)


















Студенттерді бағалау критериі:




Аты жөні


Студенттердің теориялық білімін бағалау (ауызшы сұрақтар бойынша)

Тест тапсырмасы арқылы бағалау

Студенттердің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін. бағалау

Жалпы бағасы

1
















2
















3
















4















7 Қосымша



Үйге тапсырма беру - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.
Тақырыбы: Microsoft Word 2013-та құжатты құру және форматтау
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

- Жаңа құжат құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Бұрыннан бар құжатты ашу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Құжатты сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Бір ғана сөзді белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Бүкіл жолды белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Сөйлемді белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Бүкіл құжатты белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?

- Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілдерін ата?

- Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қандай командаларды орындаймыз?


Қосымша:

- Компьютердің негізгі құрылғысы тақырыбына интернеттен, баспа беттерінен және т.б. қосымша материалдар әкелу, өз бетінше іздену.


7 Қосымша
Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Қолданылған негізгі әдебиеттер
1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері

/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет

2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық

Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013

5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144бет

7. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007

9. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша әдебиеттер


  1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009

  2. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002

  3. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002

  4. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998


WEB сайттар тізімі

1. algorifm@mail.kz

2. infojournal@mail.ru

3. e-gov@mail.kz



4. Ustaz@ mail.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет