Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 мин



бет1/8
Дата25.08.2017
өлшемі2,21 Mb.
#27593
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Уақыты: 90 мин

Оқыту орны: 107 компьютерлік технология кабинеті

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: ақпараттық, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту, бақылау, бағалау, деңгейлеп оқыту және интерактивті технология
Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Мамандығына деген қызығушылығын ояту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімді қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер беріп, алған білімдерін Microsoft Word 2013-та құжатты құру және форматтау.
Дамытушылық: Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізгісін ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру


Қасіптік қасиеттер

Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оларды қалыптастыру мүмкіндіктері

Жинақылық, ұйымдастырушылық сезімі, ұқыптылық

1 кезең

6 кезең


Тәртіптілік, орындағыштық

Сабақтың барлық кезеңінде

Жауапкершілік, ұқыптылық, зейін қою, байқағыштық, коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу, талдай білу және жалпылау, қарым-қатынас мәдениеті, шлогикалық ойлау, орындағыштық

Сабақтың барлық кезеңінде

коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу

4 кезең

5 кезең


мамандығына қызығушылық

4 кезең

7 кезең


Сабақтың жабдықталуы:

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:

    • Слайдтар;

    • Электронды оқу құралы;

Үлестірме материалдар:

    • Интерактивті тақтадан тапсырмалар;

    • Компьютерден тапсырмалар;

Оқытудың техникалық тәсілдері:

    • Компьютер;

    • Интерактивті тақта;

    • CD, DVD дискілер.


Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері

/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет.

2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014 ж.

3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014 ж.

4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013 г.

5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144 бет.

6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007 ж.

7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.

Қосымша:

1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009 г.

3. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002 г.

4. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002 г.

5. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998 г.
WEB сайттар тізімі

1. algorifm@mail.kz

2. infojournal@mail.ru

3. e-gov@mail.kz

4. Ustaz@ mail.kz

5. www. Google.ru



Кәсіптік модуль білімін игеру нәтижесіне қойылатын талаптар

БҚ-1

Оқу




БҚ-1.1

Өзін-өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтарды игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты, оң көзқарас қалыптасқан




БҚ-1.2

Ақпарат: ақпаратты жинайдыжәне талдайды, білімін практикада қолданады.




БҚ-1.3

Компьютерлік технология: жұмысында және өзін дамыту барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын қолданады

БҚ-2

Этика




БҚ-2.1

Қоғамдық өнер: қоғамдық өмірге белсене қатысады.




БҚ-2.2

Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптейтін, әлеуметтік-мәдени диалогқа дайындығын көрсетеді.




БҚ-2.3

Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын сақтайды және бағалайды.

БҚ-3

Коммуникациялар және командада жұмыс жасау




БҚ-3.1

Коммуникативтік дағдылар:

Жағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым-қатынас жасай алатынын көрсетеді.






БҚ-3.2

Командада жұмыс жасау: әртүрлі командада жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді.



Студент білуі керек:

  • Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау;

  • Стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру;

  • Беттің белгілеуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу;

  • Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру;

  • Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру, атауы, илюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау

Студент істей алуы керек:

  • Мәтін теру, сақтау, ашу және жасау әдістерін;

  • Сызғышты,стандартты тақтаның батырмаларын қолдана білу;

  • Пішімдеу тақтасының батырмаларының қызметтерімен;

  • Стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру;

  • Беттің белгілеуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу;

  • Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру;

  • Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру, атауы, илюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау жұмыстарын



Пәнішілік байланыс:

  • Тақырып 1.1. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Техникалық қауіпсіздік ережесі;

  • Тақырып 2.1. Компьютердің негізгі құрылғыларын баптау және орнату;

  • Тақырып 3.1. Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдары мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары;

  • Тақырып 3.2. Windows 7-нің стандартты қосымшасы.

  • Тақырып 5.1.Microsoft Word 2013-мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік


Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)

Қамтитын пәндер:

  • Орыс тілі «Сөздікпен жұмыс»

  • Ағылшын тілі «Сөздікпен жұмыс»

  • Математика «Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар» «Жазықтықтағы түзулер»


Қамтылатын пәндер:

  • Мейіргер ісі негіздері «Пациент пен қызметкерге арналған қауіпсіз ауруханалық орта»

  • Саясаттану және әлеуметтану «Саяси прогресс және саяси қызмет»

  • Медициналық биофизика «Рентген сәулесі»



Сабақ жоспары





Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Қызметті сипаттау

Уа

қы

ты

Жабдық

талу

оқытушы

ның

студенттің


1

Үйымдастыру сәті

Сабаққа дайындығын ұйымдастыру, жұмыс көңіл-күйді қалыптастыру

-Студенттермен амандасу;

-Аудиторияның дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін тексереді;

-Сабақтың жаб-дықталуын, оқу-лық, жұмыс дәп-терлердің түгел-дігін тексереді;

-Келмеген студенттерді белгілейді.



-Оқытушымен амандасу;

-Кезекші келмеген студенттердің аты-жөнін, сабаққа келмеу себебі туралы ақпарат береді.



5 мин

Топ журналы, студенттердің оқулықтары, дәптерлері, сабаққа қажетті көрнекі құралдар, техникалық құралдар

2

Студенттердің өткен тақырып бойынша білімін бағалау

Студенттердің өткен тақы-рып бойынша білімін, тақы-рыпты игеру денгейін анықтау.

-Студенттердің білімін ауызша сұрау;

-Студенттердің білімін тестілеу арқылы бағалайды.



-Ауызша сұрақтарға жауап береді;

-Тест сұрақтарына жауап береді




20 мин

№1 Қосымша,

№2 Қосымша



3

Жаңа тақырыпқа мотивация

лық сипатта-ма беру, сту-денттерді са-бақтың жоспарымен, мақсаттары-

мен таныстыру

Тақырыптың маңыздылы-ғын ашу

-Оқытушы сту-денттерді жаңа тақырыпты хабарлап, оның информатикадағы орнын түсіндіреді;

-Студенттерді сабақтың мақсат-тарымен таныс-тырады;

-Студенттердің көңілін тақырып-тың маңыздылы-ғына аударады;

-Пәнаралық байланыстар схемасын түсіндіреді.



-Тақырыппен, сабақ мақсатымен танысады;

-Тақырыптың өз мамандығындағы маңыздылы

ғын анықтайды.


5 мин

№3

Қосымша


/слайд/

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырып бой-ынша сту-денттердің білімін кеңей-ту, болашақ кәсібіне бағ-дарлау, ақпа-рат көздері-мен жұмыс жасауға бағдар беру, сөздік қорла-рын байыту, логикалық ойлау ж/е шығармашы-лық қабілет-терін дамыту, топпен жұмыс істегенде ком-муникативті дағдыларын қалыптастыру

-Жаңа тақырыптың терминдерімен таныстыру;

-Жаңа тақырыпты түсіндіру;

-Ақпарат көздерімен жұмыс жасауға бағдар беру.


-Оқытушы-ның айтқанын тыңдау;

-Жаңа тер-миндерді ұғыну;

-Қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазады.


15-20 мин

№4 Қосымша

/интерактивті тақта/




5

Жаңа тақырыпты пысықтау

Студенттердің жадыда сақтау қабілетін, зейінділігік дамыту, қарым-қатынас мәдениетін дамыту

-Оқытушы интерактивті тақтада дайындалған тапсырма береді;

-Оқулықтан тапсырма береді;

-Тапсырмаларды орындау жолын түсіндіреді.


Интерактивті тақтада, оқулықтан берілген тапсырмаларды топпен де, жеке де орындайды. Топ студенттері 5,6 тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындайды.

30-35 мин

№5 Қосымша


6

Бағалау және қорытынды

лау

Алған матери-алды жинақ-тап қорытын-дылау

-Сабақтың барлық кезеңіне қысқаша тоқталып, қорытындылайды

-Студенттерге өзін-өзі бағалау қағазын таратады;

- Өзін өзі бағалау парағын жинайды.

Жақсы орындаған тапсырмаға пікірін айтады.



-Таратылған өзін-өзі бағалау парағын толтырып оқытушыға береді;

-Өз пікірлерін ортаға салады.



5 мин

№6 Қосымша

/интерактивті тақта/


7

Үйге тапсырма беру

-Студенттердің келесі сабаққа дайындығын қамтамасыз ету.

-Сабақтың аяқталғанын хабарлау және кезекшілерге тапсырма беру



Студенттерге білуі керек болған сұрақтарды, игеруі қажет болған тапсырмаларды, әдебиеттер тізімін хабарлайды

-Үйге тапсырманы жазады;

-Жұмыс орнын тәртіпке келтіреді.




5 мин

№7,8 Қосымша


1,2 Қосымша



Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау
а) Студенттердің білім деңгейін сұрақ-жауап арқылы бақылау
1-cұрақ. Microsoft WORD бағдарламасы дегеніміз не?

Жауабы: Microsoft WORD бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft WORD – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және граматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.
2-cұрақ. MS WORD - ты іске қосу тәсілдері:

Жауабы: Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office 2003 және одан бұрынғы нұсқалар орнатылған болса, WORD қосымшасын былайша іске қосамыз:

1.

Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Office соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда WORD-ты былайша табуға болады:



2.

3. WORD редакторында дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б. 

4. Жұмыс үстелінде тышқанның оң жақ батырмасып, мәтінмәндік мәзірден Құру - Құжат Microsoft WORD.
3-cұрақ. Мәтiндiк процессор мәтiндiк редактордан айырмашылығы қандай?

Жауабы: Мәтiндiк процессор мәтiндiк редактордан айырмашылығы ол рәсiмдеу және мәтiннiң өңдеуiнiң әзiрлеу құралдарымен толықтырған. Егер Word 2013 бiрнеше құжаттар ашылса, онда әрбiр құжат өз терезесiнде ашылады. Терезелердiң арасында өту үшін есептер жақтауындағы бағдарламалық батырмалары көмегiмен немесе Түр қыстырмасында "басқа терезеге өту" командасы арқылы орындалады.
4-cұрақ. Word 2013 орта құжаттың жасау процестері:

Жауабы: Word 2013 орта құжаттың жасау процестiң барлық кезеңдерiн есепке алумен жасалған: мәтiн енгiзу, редакциялау, пішімдеу және т. б., қосымшасымен тиiмдi жұмысты қамтамасыз етеді.
5-cұрақ. Word 2013 бағдарламасын iске қосқанда қосымшаның терезесiн түсіндіріп беріңіз?

Жауабы: Word 2013 бағдарламасын iске қосқанда қосымшаның терезесi ашылады (5.1-сурет), ал құжатының терезесiнде (редакциялау терезесінде) 1-шi бос құжат көрсетiледі. Қосымша үнсіз келісім бойынша Бас қыстырмада ашылады, онда мәтiннiң енгiзуi немесе мәтiнді алмасу буферiнен орнатуы, оның редакциялауы және пішімдеуі үшiн барлық тиiстi құралдар көрсетiлетiн.

6-cұрақ. Үлгiнiң негiзiнде құжатты құру үшiн қандай амлдарды орындаймыз?

Жауабы: Үлгiнiң негiзiнде құжатты құру үшiн "Office" белгішесін тінтуірмен шертiп және Құру командаснын таңдау керек. Сұхбат терезесi (5.2-сурет) ашылады, онда үлгiнің тиiстi түрі таңдалып және Құру батырмасын шерту керек.
7-cұрақ. Жұмыс аймағы дегеніміз не?

Жауабы: Жұмыс аймағы – мәтіндер, гафиктік мәліметтер терілетін аудан.
8-cұрақ. Word 2013 қосымшаның терезесiнінің түбiрлерi Таспаның 9 стандартты кiрiстiрiлген қыстырмаларын ата:

Жауабы: Word 2013 қосымшаның терезесiнінің түбiрлерi Таспаның 9 стандартты кiрiстiрiлген қыстырмалардан тұрады: Бас, Кірісітіру, Беттiң орнату, Сiлтеме, Таратулар, Пiкiр беру, Түр, Өңдеушi және Құрылым. Үнсіз келісім бойынша тек қана 7 қыстырмалар ашылады.

9-cұрақ. Құжатты құрудың қандай үлгiлерi бар?

Жауабы:

  • Бос және соңғысы;

  • Қойылған үлгiлер;

  • Менiң үлгiлерiм;

  • Қазiргi құжаттан;

  • Microsoft Office Online (Интернеттен үлгiлерді алу).


10-cұрақ. MS Word бағдарламасының жұмысын аяқтау қалай орындалады?

Жауабы:

1.Файл + Шығу командаларын таңдау арқылы

2. бағдарламалық терезенің жоғарғы оң бұрышындағы «Жабу» батырмасын басу арқылы

3. тапсырмалар тақтасындағы MS Word бағдарламасы белгісінің жанама менюінен Жабу командасын таңдау арқылы

4. Alt + F4 пернелер комбинациясын басу арқылы


б) Студенттердің білім деңгейін тестпен бақылау

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет