Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан аумағында XIІІ ғасырда моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, қазақ жерлерін басып алу кезеңдері, зардаптары туралы білімдерін тереңдету
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
«Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол» деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер тарих сабағына келдіңіздер!
Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді?
Тарихтың қай кезеңіндеміз?
Өткен тақырыптарға шолу жасасақ.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын сұрау үшін тақтаға мемлекеттің атаулары жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларға кеспе қағаздарын тарату. Кеспе қағазында жазылған сұрақтардың тақтадағы мемлекеттердің қайсысына тиесілі екенін тауып, сол жөнінде әңгімелейді. Тақтаға ілінетін мемлекеттер атауы: Оғыздар,қимақтар, қарахандар. Берілетін сұрақтар:
Ханның ұрпақтары – тегіндер,ілік хандар, бектер, нөкерлер...... (қарахандар)
Комендациялық қанаудың түрі қай елге тиесілі? (қарахандар,әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамға қорғауға тиіс)
Вақфтық жерлер дегеніміз не? (қарахандар, дінбасыыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар қалдырған жерлер)
Музари не барзигар дегеніміз не? (үлеске алынған жерлерінен байлардың жинап отыратын салықтары)
Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған мемлекет? (қарахан)
«ихтадар» деп кімдерді айтамыз? (қарахан жер иеленушілерін айтамыз)
М.Қашғаридың дерегі бойынша 24 тайпа, Әл-Марвазидің дерегі бойынша 12 тайпадан турады деп қай тайпа туралы айтқан? (оғызда)
1041 ж Шахмәлік Хорезмді жаулап алды...... (оғыздар)'>(оғыз жабғуы)
Әл-Идриси «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп қай тайпаны айтты? (оғыздар)
«бой», «оба», «көк» деп аталатын тайпалық және рулық бөлімшелер болған...... (оғыздар)
Имек, қыпшақ, ланиказ, байандүр тайпалары қай мемлекетке кірді? (қимақ)
М.Қашғаридың жазуына қарағанда «жатақтар» деп атаған..... (көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ, бір орында отырған қарапайым халық.)
Жанақ қай елдің қағаны? (қимақтар)
Карантия қай елдің екінші астанасы?
Үй тапсырмасын қорытындылай келе «Ойлан тап» ойынын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |