Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың молекулалық физика тарауым бойынша білімдерін пысықтап, формуланы дұрыс қолданып есеп шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: Формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ұзақ есте сақтауын қадағалау.
Тәрбиелік: Оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, пәнаралық байланысты арттыра отырып теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге , өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: формулалар, тірек сызбасы бар плакаттар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: химия, математика
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.
Қайталау сұрақтары:
МКТ-ң негізгі қағидаларын ата?
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
1 моль деп нені айтады?
Броундық қозғалыс дегеніміз не?
Газ тәрізді сұйық және қатты денелердің айырмашылығы неде?
Идеал газ деп қандай газды айтады?
Термометрлердің қандай түрлері бар?
Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?
«Ойлан тап!» ойыны. Оқушылардың молекулалық физика тарауы бойынша формуланы есте сақтау қабілетін тексеру.
Физикалық шамаларды және өлшем бірліктерді есте сақтау үшін, изопроцестерді есте сақтау үшін жаттығу жүргіземін.
Оқушыларға физикалық шаманы айтамын, олар өлшем бірлігін айту керек неме керісінше.
Р-Па, V- м3 , T –К, W-Дж, v-моль, M-моль/кг
P=const изобара V/T= const Гей- Люссак заңы
V=const изохора P/T= const Шарль заңы
T=const изотермия pV=const Бойл- Мариот заңы
Енді физикалық формуланы еске түсіріп болсақ, физикалық диктант жазамыз.