Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ жауап, практикалық
Қолданылған технология: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Көрнекілік: дербес компьютер, үлестірмелік карталар
Күтілетін нәтиже
1. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тинақтау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
(Слайд №1) Оқушыларға мақал мәтелдерді талдап, мағынасын ашуға беріледі,
-
«Темірді қызғанда соқ» мақалында қандай физикалық құбылыс туралы айтылады?
(Қатты дененің балқуы).
-
«Көсеу ұзын болса қол күймес» қандай физикалық құбылыс жасырылған?
(Жылу өткізгіштік).
-
Тоңған тонын мақтайды» неліктен? (Тон жылуды нашар өткізеді).
-
Корея халқының мақалында былай делінген: «Тұзы бар қапты байлаған жіпте тұзды, қандай физикалық құбылыс туралы сөз болып тұр? (Диффузия).
-
«Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше» мақалындағы физикалық құбылысты түсіндір. (Кебу).
-
Қайнайды отта тұрып құйған суы,
Көтерілді жоғары судың буы
Ойланып есептейік,кәне енді,
Кетті екен қайнатуға қанша жылу? (Q=r*m)
-
Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді сондада. (Энергия)
-
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады (балқу)
-
Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады (Жылу өткізгіштігі)
-
Қатты қаңтар болмай теңізде су қатпайды. (Қату температурасы)
-
Нан піскенше күлше куйеді
-
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады
-
Қол жұмылмай, жылынбайды
Достарыңызбен бөлісу: |