Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауын қайталау. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі23,37 Kb.
#110169
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
5tyhtrt

ІІІ. Шай жинау үдерісі

Білімдерін қорытындылап жинақтау мақсатында тест тапсырмалары беріледі.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Тест А-1

1.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:

А) мұзды балқыту кезінде;

Б) мұзды t -5ºC –тан t =0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.

Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1 , меншікті балқу жылуы 340 .

а) А жағдайында; б) Б жағдайында; в) екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;

г) есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;

д) дұрыс жауап жоқ.

2.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...

а) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;

б) шарды 2ºC-қа қыздырса;

в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;

г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;

д) дененің ішкі энергиясы тұрақты шама.

3.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.

а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;

б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;

в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;

г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;

4. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...

а) 12 ºC; б) 0 ºC; в) 37 ºC; г) 59 ºC; д) 75ºC.

5.Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?

а) 0,38 кДж; б) 210 кДж; в) 352 кДж; г) 175 кДж; д) 0.

6. 100ºС температурадағы массалары бірдей мөлшердегі су мен су буының ішкі энергиялары U бірдей бола ма?

а) = ; б) > ; в) < ; г) нақты жауап беру мүмкін емес.

7.Сұйықтың булануы неге тәуелді?

а) тек сұйықтың тегіне;

б) тек сұйық бетіндегі желге;

в) тек сұйық бетінің ауданына;

г) тек сұйықтың температурасына;

д) а-г жауаптарда көрсетілген барлық жағдайларға.

8. Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?

а) 84 ºC; б) 255 ºC; в) 123 ºC; г) 212 ºC; д) 167ºC.

9. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%. Құрғақ термометр және ылғал термометр көрсетулері үшін қандай теңбе-теңдік орындалады?

а) = ; б) < ; в) > ;

г) нақты жауап беру мүмкін емес;

д) бөлменің температурасына тәуелді болуы мүмкін.

10.Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?

а) Q=q·m; б) Q= ·m; в) Q= cm( ); г) Q=L·m; д) Q=0.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.


Үйге тасырма Молекулалық физика тарауына « Өмірдегі жылу» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау. Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет