Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақсан жерін жаулап алуы
Бекітемін:
Күні:
Білімділік мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға моңғол мемлекетінің құрылуы,саяси-әкімшілік
құрылымы, «Жасақ» заңдар жинағы,моңғолдардың қазақ даласына
алғашқы жорықтары, Қазақстанды жаулауы, «Отырар апаты», ұлыстардың
құрылуы,моңғол шапқыншылығының салдары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,
патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке, азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Тірек-сызба, ЖИГСО, сұрақ-жауап, кубизм, топтау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қосымша парақтар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу:
І топ – Жошы ұлысы
ІІ топ – Шағатай ұлысы
ІІІ топ – Үгедей ұлысы
IV топ – Төле ұлысы
Сабақты жүргізу жоспары:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Зымыран сұрақтар»
1. Қожа Ахмет Иассауи қай қалада дүниеге келген? (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?
(870 -950)
3. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулауынан ене бастаған дін? (Ислам)
4. 960 жылы қай мемлекет ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдады? (Қарахан мемлекеті)
5. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
6.. Жүсіп Баласағұнидың еңбегі («Құт негізі - білік»)
7. Ташнау деген не? (канализацияның қарапайым түрі)
8. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім? (Ахмет Игүнеки)
9. Қожа Ахмет Йассауидың ұстазы (Арыстан баб)
10. Қожа Ахмет Иасауидің шығармасы («Диуани – и хикмет »)
11. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім (тотемизм)
12. Айша-бибі кесенесі қай ғасырда салынды? (ХІ-ХІІ ғасыр)
Ассосация құру
ІІ Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1 Моңғол империясының құрылуы
2 Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
3 Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
4 Жаулап алудың зардаптары
5 Ұлыстардың құрылуы
Негізгі бөлім:
1)ЖИГСО әдісі арқылы әр топқа тақырыпшалар беріледі. Әр топ өз тақырыпшаларын қорғап шығуы керек.
2) Интерактивті тақтадан слайд тірек-сызба арқылы тақырыпқа шолу жасау.
1. Моңғол империясының құрылуы.
Моңғол ипмериясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
2. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы:
Достарыңызбен бөлісу: |