Сабақтың тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза Сабақтың мақсаттары



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі301,23 Kb.
#186068
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
000773b1-624756a8

IV. Қорытынды.
Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар ағзаларында болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам ағзасындағы қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте Глюкоза крахмалды гидролиздеу арқылы алынады.
Фруктоза, жеміс қантты, левулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат (сахарозадан 1,5 есе, қант құрағынан 3 есе тәтті); глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және суда жақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдік жемістерінің құрамында және ара балында (50%-дай) глюкозамен бірге кездеседі. Оның бірнеше таутомериялық түрлері бар. Табиғатта көп тараған Д Фруктозаның -аномерінің балқу т 102 — 104°С. Фруктоза кетотоптары арқылы фенилгидрозон, фенилозазон, н-бромфенилгидрозон, т.б. түзеді. Өнеркәсіпте Фруктоза жеміс-жидектердің құрамынан және сахароза мен полисахаридтерді гидролиздеу арқылы алынады. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза тамақ өнеркәсібінде, медицинада (диабет ауруларына глюкозаға қарағанда пайдалы) жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.
V. Бекіту
1. Моносахаридтер дегеніміз не?
2. Моносахаридтерге жататындарды атаңыз.
3. Глюкоза және фруктозаның жалпы формулалары.
4. Глюкоза мен фруктозаның айырмашылығы қандай?
5. 15г глюкоза спирттік ашуы кезінде қанша көлем спирт алынады?
6. 200кг глюкоза алу үшін қанша грамм крахмал қажет?
VI. Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақ қалай өтті? Сендерді қызықтыра алды ма? Өздеріңе қажет мәлімет ала алдыңдар ма?
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII.Үй тапсырмасын беру. Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза тақырыбын оқып келу, 234 беттегі №18 есепті шығару.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет