Сабақтың тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза Сабақтың мақсаттары



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі301,23 Kb.
#186068
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
000773b1-624756a8

Физикалық қасиеттері
Түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері
Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.
Альдегид тобына тән реакциялары.
1. Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:

2. Мыс (ЫЫ) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі:

3. Глюкозаның альдегид тобы тотықсыздану реакциясына да түседі. Катализатор қатысында сутекпен тотықсызданғанда, глюкоза алтыатомды спирт — сорбит түзеді:

Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері.
4. Бөлме температурасында мыс гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітінді түзеді, бұл глюкозаның көпатомды спирт екенін дәлелдейді. Глюкоза көпатомды спирт болғандықтан, күрделі және жай эфирлер түзеді.
5.Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор қатысында жүргізеді. Гексозалардың тұйық құрылымы тұйық пентаацетаттар түзеді. Қышқылмен әрекеттесу реакциясы глюкозаның құрамында бес гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Мысалы, глюкоза сірке ангидридімен мырыш хлориді қатысында әрекеттесіп, α-пентаацетаттар түзеді:

6. Жай эфирлер түзілуі. Глюкозаны метил спиртімен қышқыл ортада алкилдесе, реакцияға гликозид гидроксилі түседі, реакция нәтижесінде жай эфир түзіледі. Бұл реакция глюкозаның циклді түріндегі глюкозид гидроксил тобы басқа гидроксилдермен салыстырғанда реакцияға түскіш екенін көрсетеді:

Ашуы
Глюкозаның маңызды химиялық қасиеттерінің бірі — әр түрлі микроорганизмдер әсерінен ашуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет