Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңін талдау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға
1.Махамбеттің өмірі,өлеңдері туралы қосымша мәлімет
беру өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру.
2.Өлеңдердің нақышына келтіріп мәнерлеп оқу арқылы
талдау , жүйелі,көркем сөйлей білу дағдыларын ізденпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өз пікірін білдіру дағдыларына төселдіру.
3.Өз ұлтына,ұлттық ардақты батыр ұлына деген құрметін
арттыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Біріккен сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу,талдау,ой бөлісу ,сатылай кешенді талдау,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Махамбеттің портреті, көркем әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысып, дайындығын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөлу
Үй жұмысына шолу,сұрақтар қоя арқылы пысықтау.
Әр топ оқушылары бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беруі
Жаңа сабақ: «Сіз білесізбе»психологиялық тренингісі
Сіз білесізбе,бүгін қаңтардың нешесі
Сіз білесіз бе мектебімізде қай бірлестіктің апталығы болып жатыр?
Сіз білесізбе біз қай ғасырдың өкілдерін өтіп жатырмыз?
Сіз білесізбе Махамбет Өтемісұлы кім?
Махамбет туралы бейнекөрініс.
Даталармен жұмыс:
1803ж Ішкі Бөкет ордасы,Нарынқұлында,Жасқұс деген жерде туған.
Шыққан тегі Байұлы ішіндегі Беріш руынан.Ел ішінде ол «Жеті баулы беріш»деп аталады.Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты,сол кездегі беделді билердің бірі болған.
Балалары:Тоқтамыс, Ысмайыл, Бекмұқанбек, Махамбет, Сүлеймен, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен.
Махамбеттің «Өтемістен туған он едік, анамыз атқа мінгенде жер қайтысқан қол едік» деуі-содан, 1824-1835жж Махамбет түрмеге қамалады.Бұл оқиға намысты «өр жанның ханға қарсылығын өршітеді»халық мүддесімен санаспауы әлеуметтің тартысты жылдан-жылға шиеленістіреді. Феодалдардың іс-әрекетіне зығырданы қайнаған шаруалардың әділетті талаптарын орындатудың бір ғана жолы-отаршылыққа, феодалдық озбырлыққа қарсы қарулы күрес еді.
1836-1838жж. Батыс Қазақстандағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жаршысы, ұйымдастырушы болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырағанына қарамастан ақын бұқараның орасан күшіне сенеді.
1836-1891ж.1838ж 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқасты Исатай қазаға ұшырап,Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң,Бөкей ордасынан жасырын өтіп,ел ішін паналады.
Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жылдар жалғасып,1841 жылы 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекиев деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түседі.
1845-1846ж ақпанда Махамбет баласы Нұрсылтанды оқиға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді.Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қуалауын қоймады.Ол ақынның басына1000сом тігіп,оны ұстау үшін арнайы адамнан (құрамында Хорунжи Ықылас Төлейұлы,Беріш руының биі Жанберген Боздақұлы,табын Төрежан Тұрымұлы,Беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы,Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарілы жасақ жібереді.
20.10.1846ж қаза тапты.Ақынның зираты Атырау облысы ,Махамбет ауданы,Қараой деген жерде.
М.Өтемісұлы жырлары-қазақ әдеби тарихындағы ерекше құбылыс.Ақын ұлттық көркемсаз өнерінің бар асылын бойына сіңіріп,араб-парсы сөздерінен,діни сарыннан арылтты.Махамбет өлеңдерінің қай-қайсысы да ғибратқа, тағылымға,шешендік нақыл сөздерге толы.
«Блум»жүйесі
1.Білу.Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің тақырыбы:
Батырлық ерлік туралы
|
Көтерілісті, соғысты сипаттаитын өлеңдер
|
Исатай туралы өлеңдері
|
Өззі туралы өлеңдері
|
Үстем тап өкілдері хан-сұлтан дарға аитқан өлеңдері
|
Талғау тектес өлеңдері
|
«Ер болып туған соң», «Ереуіл атқа ер самай», «Беркініп садақ асынбай», «Біз ер едік», «Атадан ардақты ер туса
|
«Соғыс», «Тілек», «Әй Махамбет жолдасым»,
«Толарсақтан сау кешіп»
|
«Таймақ ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар»
|
«Сөйлесем даусым аңқыған»
|
«Жәнгірге айтқаны», «Баймағанбетке аитқаны
|
«Орай да борай да жауса»
|
Академик С.Қасқабасов: «Махамбет өзін» алда арманы көп,албырт шағында адам өзін барынша артық бағалап, «асып туған батыр сезінген,сондай болуды көздеген,Ойын ашық айтып,өзінің образын сомдаған.Ол өзінің бет әлпетін,дене құрылысын суреттеумен қатар,өзін жұртқа таныстырды.Сөйтіп өзінің кім екенін, нені көксейітінін хабарлап,тіпті өзінің мінезін бірге көшіріп отырған».
I топ «Баймағанбет сұлтанға аитқанын»өлеңіне талдау
II топ «Тарланым»өлеңіне талдау
III топ «Мұнар күн» өлеңіне талдау
Әр топ оқушылары өлеңді мәнерлеп оқуды,талдау жасайды.
II топ «Тарланым»
Ерікті ұйқас ,риторикалық сұрау,аллитерация,ассонанс.Исатайды қалай суреттейді.Исатайдың сыртқы сұлу пішінімен бірге мінезін қандай сөздер арқылы береді?
III топ «Мұнар күн»
Бұл өлеңді Исатайға арналған жоқтау деп те айтуға болады. «Күн»деген сөз әр жол сайын қайталанып тұрады.Бұл жерде «күн»-өмір,бірде-мұнар,халыққа жайсыз күн,бірде ел басынан бақыт тойған күн.
I топ «Баймағанбетке сұлтанға айтқаны»
Қандай қиын жағдайда жүрсе де,жауы мен бетпе-бет кездесуде ойындағысын бүкпесіз айтып, хан, сұлтандарға ешқандай кешірім, рақым жоқ екенін,ызакерін тайсалмай ашық жеткізеді. бұл өлеңінде Махамбет халық атынан сөйлемейді, халық наразылығы оның жеке өз наразылығы халық дұшпаны-оның дұшпаны.
Тәуелсіз ел болғаннан кейін халқымыздың ақын-жазушыларының шығармашылығы зерттеліп,зерделене бастады.Соның бірі-Махамбеттің күйшілін қырының танылып,ұрпағына жеткізілуі.Махамбет-тек батыр,ақын ғана емес,күйшілігімен де танылған биік тұлға.Оның «Жастық асу», «Қайран Нарын», «Жауға шапқан», «Жұмыр Қылыш», «Өкініш», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Шілтерлі терезе»атты күйлері бар.
Махамбет ақынның бейнесі қазақ ақындарының поэмаларына негізгі арқау болды:Ы.Шөренов. «Исатай – Махамбет» Ж.Молдағалиев «Кен»
Қ.Бенхожин «Махамбет қабіріндегі толғаныс»
М.Шаханов «Қарақұм трагуясы» Ф.Оңғарсынова «Алмас қылыш»т.б
Сабақты қорыту.
«Бір сөзден-сөйлемге дейтін» Әр топ мүшелері бір-бір сөз жазу арқылы тақырыпқа немесе сабаққа байланысты сөйлем құрастырады.
Оқушыларды бағалау «Арқаның қызыл изені»өлең Үйге: Махамбет өлеңдерін жаттау,сұрақтар дайындап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |