Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық ғасыр дерті»



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі414,81 Kb.
#25787
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: « Нашақорлық ғасыр дерті»

Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;

2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;

3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;

4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;



Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, «өзім үшін жазу», топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: «Есірткіге жол жоқ!» , «Денің сау болсын десең...» атты кітап көрмесі, суреттер.

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз

ІІ. «Нашақорлық ғасыр дерті» пікірталас

ІІІ. Постер қорғау

ІV. Сахналық қойылым «Жан азабы» , «Есірткінің зобалаңы»

V. Дәрігер кеңесі

VІ. Рефлексия

І Қызығушылықты ояту

І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Тренинг ойнату: «Сыйлық»

ІІІ Түстер арқылы топқа бөліну. Салауат Денсаулық

топтың аты:«Салауат»

Ұраны: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен»

топтың аты:«Әсем»

Ұраны: «Сұлулық – денсаулық»

ІV Ой қозғау

ІІ Мағынаны тану

Мұғалім сөзі:

І. Кіріспе сөз.

Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге 1-ші желтоқсан бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 6 –сынып оқушыларының «Нашақорлық ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызға мектебіміздің психолог маманы, тәрбие жөніндегі орынбасары және дәрігер маманы қатысып отыр.

Оқушылар салауатты өмір салты дегеніміз не? Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.

Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. (Сурет көрсетіледі.)

Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда».Ендеше сіздерге мынадай балалардың басынан өткен оқиға туралы оқып бергім келіп тұр.



Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік жұмысымыз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата – анамның тіпті ұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман – есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.

Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)

Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрңіздер.

Менің ата – анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата – анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан – кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір – екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата – анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.

Екі адам, екі тағдыр. Балалар, енді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? Постерге түсіреміз



Топтастыру:
Маскүнемдік

Ортаның әсері



Жұмыссыздық




Нашақорлық

Тұрмыстық жағдайдың нашарлығы

Ата-ананың баласына уақыт бөлмеуі




Экономиканың құлдырауы

Рухани құлдырау




Мемлекет тарапынан шара болмауы


Зардабы



Қоғам үшін керексіз-

дік, жұмысқа жарам-

сыздық




Денсаулығын жоғалту, өлім

Қылмыс жасау, жауапқа тартылу

Ұзақ уақыт емделу, қаржылай шығындану

Ата-анаңа, туыста-

рыңа қайғы әкелу


Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік.



Оқушы.Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

оқушы

Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.

Оқушы:Темекінің зиян екенін біле тұра сенің жаныңдағы балалар шегеді,олардың темекі шегуі неліктен деп ойлайсыз?

Оқушы:Сен жаныңдағы темекі шегетін балаға шекпе деп айттың ба?Оның нәтижесі қандай болды?



Оқушы: Нашақор ақша табу үшін өтірік айтып, ұрлық жасап, тіпті кісі өлтіруге дейін барады.

Оқушы:Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет