Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық ғасыр дерті»


Сахналық қойылым. 1топ «Жан азабы» 2топ «Есірткінің зобалаңы»



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі414,81 Kb.
#25787
түріСабақ
1   2   3
Сахналық қойылым. 1топ «Жан азабы» 2топ «Есірткінің зобалаңы»

Қойылымды тамашалау. Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба? Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма? Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады). Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым.

Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып):

Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың). Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.



Шешесі: Тартпайды дей сал.



Дәрігер Несіпхан апай сұраққа жауап беру үстінде

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті. Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің әсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.

Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы. Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?



Сұрақ : Сұрақ: Нашақорлықтан емделудің жолы бар ма?

Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан? Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

8-оқушы: сұрақ : Нашақор есірткіге ақшаны қандай жолмен табады?






Каталог: uploads -> doc -> 027d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
027d -> 8 І ә. Кекілбаев шығармаларының сипаты
027d -> «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет