Сабақтың тақырыбы Нақты сандар. Оқу мақсаты



Дата25.02.2022
өлшемі29,76 Kb.
#133317
түріСабақ
Байланысты:
Айтбаева Айжан Жолдыбаевна


Алгебра.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1 А.

Мектеп: «Заңғар» ЖОМ







Күні: 29.06.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:
Айтбаева Айжан Жолдыбаевна







Сынып: 8

Қатысқаны:

Қатыспағаны:




Сабақтың тақырыбы

Нақты сандар.





Оқу мақсаты

8.1.1.1.
Иррационал және нақты сандар ұғымын меңгеру



Сабақтың
мақсаты

- нақты сандар анықтамасын білу.
- иррационал және нақты сандар ұғымын меңгеру.

Бағалау критерийі

- нақты сандар туралы толық біледі.
- иррационал және нақты сандар ұғымын меңгереді.
- сандарды дөңгелектеп, салыстырады.

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- Иррационал сан, иррационал санның белгіленуі ,
геометриялық моделі.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Иррационал сандар………..деп аталады.
Кез- келген шексіз периодты емес ондық бөлшек ирроционал сан деп аталады.
Оқушылар:
- нақты сандардың анықтамасын біледі және ажырата алады;
- нақты сандар қасиетін пайдаланып есептің орындалуын түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу


« Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығына баса назар аудара отырып, оқушыларда өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшыл болуға, бірін-бірі сыйлауға, сыни тұрғыдан ойлауға жетелеймін.

Пәнаралық
байланыс

Сызу.
Сызу пәні арқылы,координаталық түзуді сызудың техникаларын және нүктелерді орналастыруды, сандарды бірдей бөліктерге бөлуді үйретемін.

Алдыңғы білім



7- сыныпта өтілген тақырыптарды қайталап, есептер шығарады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы



1. Сыныпты ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесемін. Психологиялық дайындыққа бір-біріне “ Жақсы тілек” жаттығуын орындатамын. Шаттық шеңберін құрып, жанындағы оқушыға жақсы тілек айтады. Сыныпты бүгінгі сабаққа байланысты, 3 топқа біріктіремін.

  1. Нақты сандар

  2. Рационал сандар

  3. Иррационал сандар

Үйге берілген тапсырманы тексеру
«Доп лақтыру» әдісі бойынша, төмендегідей сұрақтар қойдым және математикалық тілмен айтқыздым :

  1. Қысқаша көбейту формулаларын қайталайды. Мысал:....

  2. Қысқаша көбейту формулаларын түрлерін айтады және олады сөзбен жеке- жеке айтып шығады.

  3. (а+в)2 = а2 +2ав+в2

Айтылуы:
екі өрнектің қосындысының квадраты тең болады, бірінші өрнектің квадратына және екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісіне, қосамыз екінші өрнектің квадратына.



А 4 парағы
маркер

алгебра


7-сынып оқулығы 4-бет
Түрлі-түсті
Стикерлер

Сабақтың ортасы

Бүгінгі жаңа сабағымыз: «Нақты сандар».
Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі арқылы , оқушылар өз тобына берілген аттар бойынша,»р топ жаңа тақырыптағы бөлімдерді бөліп алып, ортаға шығып түсіндіреді,мұнда топтық жұмыс жүреді.
«Пікір алмасу» әдісі арқылы,білген мәліметтерді бір- бірімен пікір алмасу арқылы ортаға салады.
Бұл тақырыпты өту барысында сендер,нақты сандар туралы білімдеріңді жетілдіреміз.Атап айтқанда, нақты сандардың құрылымын,нақты сандар жиынының геометриялық мағынасын,және координаталық осьтегі нүктелер арасындағы «бірмәнді сәйкестік» ұғымының мағынасын үйренеміз.Жалпы, нақты сандар дегеніміз- барлық рационал және иррационал сандар жиынын құрайды.
Сонымен, «Х нақты сан» дегенде х санының рационал немесе иррационал екенін білуіміз қажет.Нақты сандар жиынын сан түзуі деп атаймыз.Координаталық түзу –сан түзуінің геометриялық моделі.Нақты сандардың геометриялық кескінін көрсету үшін,түзу жүргізіліп, ол түзуде 1) оң бағыт 2) санақ басы 3) бірлік кесінді алынады.Осылайша салынған түзу сан осі деп аталады.
Өлшеу нәтижесінің 3 жағдайы бар.

  1. жағдай. Өлшеу шексіз жалғасатын болса, нәтижесінде шексіз периодты ондық бөлшек шығады.

  2. жағдай. Өлшеу шексіз жалғасатын болса,нәтижесінде шексіз периодты ондық бөлшек шығады.

3-жағдай. Өлшеу шексіз жалғасатын болса, нәтижесінде шексіз периодты емес ондық бөлшек шығады.
Сергіту сәті.
Шарты: Мен сіздерге рационал сан деп айтқанда, бәріміз тұрамыз, ал иррационал сан деп айтқанда отырамыз.

1. «Нақты сандар» тобына тапсырма:Берілген сандардың арасына π, ≥ ,≤ таңбаларының бірін қойындар:
а) 0,020202....және 0,725431
ә) 0,030030003....және 0,058672
б) 5,65131313.....және 5,17456
в) 3,41421....және 3,65741
г) 5,43171717....және 5,63728
ғ) П = 314159265358.....?
рационал сан ба,әлде иррационал сан ба?

Бағалау критерий

Дескриптор

1.
Рационал
сандарды
дөңгелек-
тейді және салыстырады

1. рационал санды дөңгелектейді.
2.Үлестерін ажырата алады
3.Периодтылығына байланысты салысытырады

2. « Рационал сандар» тобына тапсырма:


1) 5,2397.... және 4,4996
2) -15,0001... және -15,100
3) - 0,3567... және 0,3557
4) -211029..... және -21,1092 сандарына сәйкес екі нүктелердің қайсысы сан түзуінде санақ басынан алшақ орналасқан?



Бағалау критерий

дескриптор

Сан аралықтарын түсінеді

1.Сандарды салыстырады
2. Сан түзіне орналастырады
3. Есеп шығарады

Үйге тапсырма беремін:
Егер Х рационал сан болса, ал У иррационал сан болса, онда
1) Х ×У
2)Х÷ У рационал сан бола ма?

Плакаттар





Плакаттар
Маркерлер

Сабақтың соңы


Оқушылар : Сабақтан алған білімдерін, алған әсерлерін қорытындылап, «Пайымдауды көрсету КӘМҚ (SWOT)» талдауы бойынша кері байланысты топ бойынша бір-біріне және өздеріне береді

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары



Мүмкіндіктер



Қауіптер


бағалай алады.

Бағалау:


Сабақ барысында берілген әрбір тапсырмаға бағалау критерийі мен дескрипторлар беріп отырамын. Сол дескрипторлар бойынша тапсырмаларды орындау барысында, топ басшысының қадағалауымен,сабақ соңында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын.
Кері байланыс: «Бутерброд» әдісін
пайдаландым.

  1. Мадақ

  2. Сын

  3. мадақ

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Барлық оқушыларға қолжетімді тапсырмалар беремін.
«Допты лақтыру»
әдісі арқылы, оқушылардың алдыңғы білімдерін байқаймын.Допты мұғалім оқушыға лақтырғанда, сол оқушы қойылған сұраққа жауап беруі керек.Егер,жауап бере алмаса, сыныптан көмек сұрайды. Бұл әдіс арқылы оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысын қалыптастырамын, тапсырмалар беруде оқушыларды жылдамдыққа үйретемін;
* «Пікір алмасу» топтық әдісі бойынша оқушылардың жаңа тақырыптарды толық меңгеруін, бірлесіп жұмыс жасауын, берілген уақытты тиімді пайдалану және оны бағалай білу дағдыларын қалыптастырамын.
* деңгейлік тапсырмалар беруде дарынды және талантты оқушыларға қолжетімді тапсырмалар дайындаймын;
* «КӘМҚ» тәсілі арқылы оқушының қай деңгейде тұрғанын саралаймын және оқушылардың бір-бірінен көмек алады.Өздерінің алған білімдерін ортаға салып бөліседі. «Бутерброд» әдісі арқылы мен оқушыларға кері байланыс жасадым.Мұндағы мақсатым: оқушыларды мақсатқа жетелейтін нақты әрекет жасаймын.

Әрбір тапсырмаларды орындаған соң, бағалаудың нышандарын пайдаланып,дер кезінде,
уақытылы,тиімді кері байланыс беріп отырамын.
* «КӘМҚ» әдісі арқылы критерийлер беріп,дескрипторлар арқылы, оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін,бағалаймын;
* оқушылардың өз білімдерін тексеруге дескрипторлар арқылы мүмкіндік беремін;
* қалыптастырушы бағалаудың арқылы өз білімдерін жетілдіріп,толықтыруына ықпал етемін;
Оқушылардың материалды игеру деңгейін анықтау үшін, олар жұптық, топтық , жеке тапсырмаларды орындау барысында бағалау түрлерін ұйымдастырамын



Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

.



Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет