Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт жанры»



Дата25.08.2017
өлшемі7,44 Kb.
#27088
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт жанры»

  • Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. Нәрселердің әртүрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.
  • Сабақтың түрі: Затқа қарап сурет салу.
  • Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс
  • Сабақтың көрнекілігі: "Бейнелеу өнерінің натюрморт жанры" слайды, суретшілердің шығармалары, репродукциялар, сөзжұмбақ.
  • Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар, натюрморт заттары.
  • Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.

  • Жаңа сабаққа кіріспе. Өнердің ең құнды түрінің бірі - бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемдік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар.Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер.
  • - Бейнелеу өнері дегеніміз не?
  • - Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
  •  
  • - Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар?
  • - Кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері,сәндік қолтаңба өнері, дизайн өнері.

Екі топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямын.

  • Екі топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямын.
  • Оқушылар жауап беріп ұпай жинайды.
  • 1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не?
  • 2.Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай?
  • 3.Хроматикалық түстерді атаңдар.
  • 4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме?
  • 5.Анамалистік жанр дегеніміз не?
  • 6.Акварель бояуы қандай болады?

  • Жаңа сабақты түсіндіру:
  • Ал енді алдарыңдағы заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?
  • - Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, тарихи, баталдық, маринситік, анималистік, натюрморт жанрлары бар. Бүгін біз натюрморт жанрына тоқталамыз.
  • Натюрморт - француз сөзі, "Өлі табиғат" деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді бейнелейтін картиналар жатады.

  • Натюрморттың орналасу кезеңдері:
  • 1.Қағаздың ортақ нүктесін тауып заттардың шеткі нүктелерін анықтау.
  • 2.Нұсқалық толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы толық анықтау.
  • 3.Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау.
  • 4.Көлеңке, жарығын бейнелеу.
  •  
  • Натюрморт - қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

  • Сабақтың қорытындысы:
  • 1.Хайуанаттардың суретін салатын суретші? (Анималист)
  • 2.Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма? (Портрет)
  • 3.Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым? (Аристотель)
  • 4.Мата бетіне сурет салу қалай аталады?
  • (Батик)

 

  •  
  • Үйге тапсырма:
  • Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау.Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін натюрмортты аяқтау.
  •  
  • Оқушыларды бағалау:
  • 1) Кері байланыс
  • 2) Әр топтың жинаған ұпайларына байланысты бағалау.

Натюрморт

Маринистік жанр

Анималистік жанр

Портрет

Пейзаж

Тарихи жанр

Барокко стилі


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет