Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы. Етістіктің райлары,есімше,көсемшені қайталау. Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі76,32 Kb.
#4373
түріСабақ
Қазақ тілінен 7-ші сыныпқа арналған сабақ жоспары.

27 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі:



Саликова Шарбан Сапарғалиқызы.
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы.

Етістіктің райлары,есімше,көсемшені қайталау.



Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Наурыз мейрамы тақырыбын меңгеру, қысқаша мазмұндауға үйрету,сөздік қорын дамыту,етістіктің райлары, есімше, көсемше тақырыбын жетілдіру.

  2. Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін, тіл байлығын, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтай білуге тәрбиелеу.Әсемдікті сезіну, көркемдікті түсіну.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, бірін-бірі бағалау әдісі, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: суреттер, карточкалар,кесте.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлеу. 2-мин.
2.Үй жұмысын тексеру. Тест 5-мин.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі:

3.1. Сұрақ-жауап: а/ Қазір қай жыл мезгілі?

ә/ Көктемде неше ай бар? Олар қандай?

б/ Қазір қандай ай?

в/ Наурыз айында қандай мерекелер болады?

Дұрыс, бүгін балалар біздің сабағымыздың тақырыбы «Наурыз мейрамы» және етістіктің райларын, есімше, көсемшені қайталап шығамыз. Жыл сайын біз осы мереке туралы әңгімелейміз, сондықтан сендер бұл мейрам туралы көп өлеңдер,тақпақтар, нақыл сөздер білетін шығарсыңдар./оқушылар білетін өлең, тақпақ, нақыл сөздерін айтады/. 5-мин.
3.2. Сурет арқылы сұрақ қою. 3-мин.


3.3. Етістіктің райларын, есімше, көсемшені қайталап шығу.

3 мин.
3.4. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастыру: 3 мин.

иіс-запах

ақ жарқын-благожелательный

топ-тобымен-группой

салт бойынша-по традиции

алтыбақан-национальная игра

көңіл-настроение

молшылық-изобилие

қатық-приправа

қозғайды-припоминают

шежіре-история
3.5. Балалар топпен жұмыс істейді, әр топқа бағалау парағы беріледі, берілген тапсырмаларды бағалап жалпы ұпай шығарылады.

Мәтінмен жұмыс: 10 мин.

1-ші топ:

1/. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын түсіну.

2/. Мәтіндегі көсемшелерді теріп жазу.

3/ Сұрақтарға жауап беру:

а/Жұрт қандай мерекені қарсы алуға дайындалып жатыр?

ә/Молшылық жолы неден басталады?

б/Жылдың басын қандай көңілмен қарсы алады?

в/Ел бір-біріне қандай тілектер айтады?

г/Наурыз тойында қандай ойындар ойналады?
2-ші топ:

1/ Мәтінді оқып шығып, мазмұнын түсіну.

2/Мәтіннен етістіктерді теріп жазып райларын анықтау.

3/Берілген сөздермен сөйлем құрастыру: көже, қыдыру, мейрам.


3-ші топ:

1/Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.

2/Мәтіндегі етістіктерден есімше жасау.

3/Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастыру.



4. Бекіту кезеңі.

4.1. 1-ші топ: кесте бойынша әңгіме құрастыру 5-мин.

Көктемгі мерекелер

Көктемгі

ауа райы


Наурыз


Наурыз көже

Наурыз мерекесіне арналған тілектер

8-ші наурыз

22-ші наурыз



Қар ериді,күн жылынады,көк шығады,күн мен түн теңеледі

Ұлыстың ұлы күні,жылдың басы,парсы сөзі

Жеті түрлі тағам

«Ақ мол болсын!»

«Ұлыс береке берсін!»

«Ұлыс оң болсын!»


2-ші топ: Мәтін бойынша диалог құрастыру.

3-ші топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
4.2. Оқыта үйрету ойынын ойнау: «ДАНАЛЫҚ АҒАШЫ»

6-мин.

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

Жүргізушінің қолында сандықша болу керек, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығып, әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып шығады да дауыстап неғұрлым толық жауап береді. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.



4.3. Рефлексия. 2-мин.

Оқушылардың сабақ туралы пікірлері.

Не ұнады? Не білдіңдер?
5. Үй жұмысы: Наурыз мейрамына байланысты бата, тілек сөздерін дайындап келу.
6. Оқушыларды бағалау,қоштасу. 1-мин.
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Етістіктің шақтары.
Мақсаты: а) Етістік шақтары туралы білімді дамыту, лексикалық тақырыппен байланыста сөйлеу, жазу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
б) Жұмыс үстінде танымдық, білімділік қабілеттерін байқау, ойлау, ой қорытындысын жасау мүмкіндіктерін дамыту.
ә) Қоршаған ортаны қорғау, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау, экологиялық мәдениет қалыптастыру;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,«Етістік шақтары» кестесі, көктем суреті, Көктемде» сөзжұмбағы, жаңылтпаш слайды, тапсырмалар слайды.
Әдіс - тәсілдері: кестемен, сөзжұмбақпен, жұппен, жекелей жұмыс, интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау, флипчарт.
Технология: модульдік оқыту, ақпараттық технология.
Сабақ түрі: модульдің сөйлесім бөлімі
а) Ұйымдастыру
- Сәлеметсіз бе, оқушылар.
Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа деген ынтасын байқау.
- Бүгін кім кезекші?
Тіл кеңістігін қалыптастыруға сұрақтар қою. (интерактив тақтада)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем айларын ата?
Көктемде қандай мерекелер болады?
Бүгін наурыздың нешесі?
Аптаның қай күні?

ә) жаңа сабақ


- Балалар, мына суретке қарап, өлеңді оқып ойланыңдар. (интерактив тақтада)
- Бұл сурет қай мезгілін көрсетіп тұр?
( Бұл мезгілі көктем)
- Дұрыс, сондықтан бүгін біздің тақырып қандай болады?
(Бүгін біздің тақырып көктем)
- Жақсы. Біз бүгін сабақта көктем туралы әңгімелейміз, көктем туралы сөйлем құрып, талдаймыз. Сөзжұмбақ шешеміз. Етістікті және етістік шақтарын қайталаймыз.
1. «Көктем» мәтінімен жұмыс (интерактив тақтада, флипчарт арқылы)
А) Жаңа сөздермен жұмыс.
Ә) Мәтінді оқу.( Мұғалім оқиды. Оқушылар оқып береді)
Б) Аудару. (Оқушылар бір сөйлемнен оқып, аударады)
В) Сұрақ - жауап. (Оқушылар тақтаға шығып бір – бірімен сөйлеседі)

(дәптерлермен жұмыс)


2. «Көктем» мәтінді пайдаланып грамматикалық жұмыстарды жүргізу. (интерактив тақтада, флипчарт арқылы)
А) Етістіктерді теріп жазу
Ә) Етістіктерді жіктеу (өз бетінше) Өткен шақ: кел, Келер шақ: кел
Нақ осы шақ: келіп отыр

Б) Сатылай кешенді талдау – Көктем (интерактив тақтада, флипчарт арқылы)


Қорыту: - Балалар, көктем дегенде қандай сөздер елестейді.
(кластер жасау)

3. Суретпен жұмыс (интерактив тақтада)


Сурет бойынша әр түрлі сөйлем құру.
Мұғалім: - Cуретте балалар шұңқыр қазып, ағаш отырғызып жатыр.
- Балалар, бір сөзбен айтқанда, оқушылар не істеп жатыр?
- Суретте оқушылар еңбек етіп жатыр, жұмыс істеп жүр.
- Еңбек және жұмыс сөздер қандай сөздер?
- Синоним сөздер.
- Дұрыс. Қандай қорытынды жасауға болады?
Бір оқушы жауап береді:
Ағаш егу - еңбек ету
ағаш егу – ауаны тазарту
ауаны тазарту – мықты денсаулық
мықты денсаулық - дұрыс, саналы әрекет

4. Жаттығу жұмысы. (интерактив тақтада, флипчарт арқылы)


А) Тапсырма: мәтінді етістіктермен толықтырып оқып көшіріп жаз.
1. Қыстан кейін көптен күткен көктем ________.
2. Наурыздан бастап күн жылына__________.
3. Қар ______.
4. Ағаштар бүршік _________.
5. Жер беті гүл - бәйшешекке ___________.

Ә) Тапсырма: қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар


(интерактив тақтада, флипчарт арқылы)
1. Наурызда күн мен теңеледі.
2. Ағаш бұтақтарында пайда болады.
3. Өзеңдерде жүре бастайды.
4. Наурыз айында күн көбінесе болады.
5. Көктемде жер күндіз, кешке

Қажетті сөздер: жібиді, сең, бұлтты, түн, бүршіктер, қатады

5. «Көктемде» сөзжұмбағымен жұмыс. Әр жұпқа бір үлгіден таратылып беріледі де, бірлесе орындап болған соң, бірінші болып бітірген жұп жауабы арқылы талдап, тексереміз. ( ноутбуктарға тарату)
(интерактив тақтада, флипчарт арқылы)

6. Қорытынды.


Бағалау. Сын - ескертпе.
Сеңдер бүгін сабақтан не алдыңдар?
Сізге не ұнады?
8. үйге тапсырма «слайд»
133 - бет, 3 - тапсырма
Қосымша: «Көктем туралы бір шумақ өлең шығару».

Сабақтың мақсаты:


1. Білімдік: Сан есімдерді меңгерту: ондық, жүздік, мыңдықтарды қазақ тілінде айта және жаза алуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту: лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын бекіту.
3. Тәрбиелік: Білімге, пәнге деген құштарлықты арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сандар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру қезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
б) Сөйлесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым. Сөйлесім.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
- Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?
- Қай пәндер сен үшін қиын?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сан есімдермен таныстыру. Оқылым. Айтылым.
Ондықтар----Жүздіктер-----Мыңдықтар
10 Он-----------100 Жүз-----1000 Бір мың
20 Жиырма--200 Екі жүз--2000 Екі мың
30 Отыз-------300 Үш жүз---3000 Үш мың
40 Қырық-----400 Төрт жүз-4000 Төрт мың
50 Елу----------500 Бес жүз--5000 Бес мың
60 Алпыс------600 Алты жүз--6000 Алты мың
70 Жетпіс-----700 Жеті жүз--7000 Жеті мың
80 Сексен-----800 Сегіз жүз--8000 Сегіз мың
90 Тоқсан---900 Тоғыз жүз--9000 Тоғыз мың

2. «Кім көп және тез» оқыта үйрену ойыны. Сөйлесім.


а) Мұғалім сандар жазылған парақшаларды көрсетіп, олар сан есімнің қай тобына жататынын сұрайды. Парақшада жазылған сандардың бірнешеуі ондықтар, бірнешеуі жүздіктерден, бірнешеуі мыңдықтардан болуы тиіс. Оқушылар қол көтеріп, жауап береді.
ә) Оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды қазақша айтады.
б) Мұғалім ойынға белсенді қатысқан оқушыларды атап, сабаққа деген ынтасын оятады.
3. Сөздікпен жұмыс. Айтылым.
а) Оқулықта берілген сөздерді оқу.
ә) Сөздерді дұрыс айтуға жаттығу.
б) Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

тең – равно


артық – больше
кем – меньше
жуық – около
сыз - начерти

в) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату.


Жуық – Отызға жуық – Сыныпта отызға жуық оқушы бар.
Сыз – Сызғышпен сыз – Сызғышпен үшбұрыш сыз.
4. Сергіту сәті.
5. Тапсырмаларды орындау. Оқылым. Жазылым. Айтылым.
а) жаттығудағы есептерді шығару, жаңа сөздерді пайдаланып, есепті қазақ тілінде оқу.
62 - 15=47 (алпыс екіден он бес алғанда қырық жеті болады).
35+22=57 (отыз беске жиырма екі қосқанда елу жеті болады).
23*2=46 (жиырма үшті екіге көбейтсе қырық алты болады).
20: 10=2 (жиырманы онға бөлсе екі болады).
ә) Жаттығудағы сандарды оқу.
170 – жүз жетпіс
82 – сексен екі
1060 – бір мың алпыс
1892 – бір мың сегіз жүз тоқсан екі
2907 – екі мың тоғыз жүз жеті
9876 – тоғыз мың сегіз жүз жетпіс алты
3004 – үш мың төрт.
IV. Сабақты бекіту. Жазылым. Айтылым.
Сыныпта неше парта (оқушы, орындық, терезе) бар? деген сұрақ қою арқылы мұғалім оқушылардың сан есімдерді дұрыс меңгергендігін аңықтайды.
- Сыныпта он бес парта, отыз орындық, төрт терезе, екі есік бар.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Сонымен, балалар, бүгін сабақта не білдіңдер? Олай болса мына сызбаны толтырып көрейікші.
Не білетінсің? Нені бүгін сабақта білдің? Нені білгің келеді?

VI. Үйге тапсырма беру.


1. Сан есімдерді жаттау.
2. Жаңа сөздерді жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет