Жұмыртқа массасын анықтау. Массаны 10 жұмыртқаны 1 г дәлдікпен өлшеп анықтайды. Содан соң ішінен таңдап 1 данасын өлшеп, 1 жұмыртқаның орташа массасын анықтайды.
Жұмыртқа дәмі мен иісін анықтау. Жұмыртқа дәмі мен иісін орнату үшін оларды келесі әдіспен пісіреді: бірнеше жұмыртқаны дәке қапшығына салып, қайнап жатқан суға (қыздыруды тоқтатқан соң), термометрмен бірге салады. Егер су температурасы 90 ºС төмендесе – 7 минут, 80 ºС температурада – 8 минут, 70 ºС температурада – 9 минут жұмыртқаны суда ұстайды. Уақыт өткен соң қапшықты ыстық судан алып, 6 минутқа 20 ºС температуралы суға салады. Бұл уақытта жұмыртқа температурасы 35–40 ºС-қа дейін төмендейді. Жұмыртқа иісін дөңес ұшын ашып, ауа камерасының иісін бірден иіскеп анықтайды. Содан соң ақуыз бен сары уызының дәмін анықтайды.
Жұмыртқа сапасын бақылау үшін арнаулы құрал овоскоп қолданылады. Овоскоп (лат. ovum – жұмыртқа, skopeo – қараймын) – электр шамдарының жарығын өткізіп жұмыртқаның сапасын анықтауға арналған құрал. Инкубацияны биологиялық бақылау үшін де қолданылады. Ең қарапайым овоскоп ішінде электр шамы бар қынап, оған жұмыртқаның көлеміне шамалас сопақша ойықтар жасалған. Ойыққа ұстағанда жұмыртқадан жарық өтеді (овоскоптау), қабығы мен ішкі құрылымы көрінеді. Жұмыртқаны сұрыптау кезінде машиналарға орнатылған автоматтар пайдаланылады. Инкубацияны биологиялық бақылау үшін (бір-бірлеп жарыққа қарау үшін) жарық ағынын шоғырландыратын тубустар орнатылған екі ойықты овоскоптар қолданылады.
Жұмыртқа ақауларына жұмыртқа ақуызы мен сары уызының араласуы, қабығының жарығымен бір тәуліктен астам сақталынуы,ақуыз пен сары уызда қан тамшыларының болуы, қабықтың көгеруі, жұмыртқа құрамының ішінде микроағзалардың көбейю мен көгеруінің әсерінен мөлдірлігінің жоғалуы, шіруі (ақуыздың жасылдануы) инкубатор жұмыртқасының тұқымданбай алынуы (миражды), иістенуі, сары уыз бен ақуыздың шала араласуы, кепкен сары уызды жұмыртқалар жатады.
Жұмыртқаны маркілеу. Әрбір емдәмдік жұмыртқа қызыл, ал асханалық жұмыртқа көк бояумен дөңгелек немесе сопақ түрде белгіленеді. Кейде асханалық жұмыртқаны маркілемеуі мүмкін. Жұмыртқа категорияларын О –таңдаулы (отборная), І – бірінші, ІІ – екінші деп белгілейді. Соғылған белгіде емдәмдік жұмыртқа болса категориясы мен сұрыпталған күнгі мерзімі, ал асханалық жұмыртқаға катеогрия ғана болады. Майда жұмыртқалар бөлек жинақталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |