ІІ Жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин.) Мұғалім: эволюция заманының әрі қарай дамуына байланысты генетика және селекция ғылымдары 20-30 жылдары Совет Үкіметі кезінде қайта дами бастады.
Жалпы генетика дербес ғылым ретінде биологиядан ағылшын ғалымы Бэтсонның ұсынысы бойынша 1907 жылы бөлініп шықты. Генетика деген атауды да осы ғалым ұсынған.
Ұрпақтың өз ата-тегіне тартып тууы өте ертеден белгілі болатын. Алайда ХІХ ғасырға дейін бұл құбылыс зерттелмей келді. Бұл жағдай сол кездегі биология ғылымының өте нашар дамуына байланысты еді. Бірақ, көптеген ғалымдардың тәжірибелері мен еңбектерінің арқасында генетика 1964 жылы қайта дами бастады (қосымша).
Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.
Мұғалім:Сондықтан бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Мұғалім: Гентиканың ғылым ретінде негізін салушы Грегор Мендель. Балалар, сендердің ойларынша неліктен өзге зерттеушілердің зерттеулерде жолы болмады? Осыған жауапты оқулықтың 179 бетіндегі 2 абзацты оқып шығыңдар.