Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімді қайталау Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі22,33 Kb.
#7776
түріСабақ
Қазақ тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Негізгі және туынды сын есім туралы берілген түсінікті кеңейту, басқа сөз

таптарынан жасалатынын байқату;



Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сөздік қорын молайту және шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу.

Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сөздік қорын молайту және шығармашылық тапсырмаларды

орындауға баулу.



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Топқа бөлу)

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Қазақ тілім өз тілім, дара тілім.

ІІ. Өткен сабақты бекіту

I топ. Жылқыны сипаттау

II топ. Алманы сипаттау

III топ. Лашын құсты сипаттау



ІІІ.Топтастыру страгедиясы

сапасын түсін

пішінін Сын есім түрін

дәмі негізгі туынды


ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

Пайда-пайдалы

Біл - білгіш

Жүз-жүзгіш

Әдеп-әдепті

Тау-таудай



ІҮ. Оқулықпен жұмыс

І топ. 1 жаттығу (64 бет)

Зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп жаз.



ІІ топ. 3 жаттығу (64 бет)

Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талда



ІІІ топ. 4 жаттығу (65 бет)

Зат есімдерден туынды сын есім жаса.

Терме диктант

Шіл – тауық тәрізді құс. Ол шыршалы және аралас орманды мекендейді. Шалшықты жерлерді де жақсы көреді. Ақбөкеннің көздері мөлдір, кіршіксіз. Оның тұмсығы дөңес, басы үлкен болады.



Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс (Сурет бойынша тапсырма)



Әр топ өз мүмкіндіктеріне қарай өлең, сурет, шағын әңгіме жазуларына болады.

«Кім тапқыр, кім жүйрік» ойыны (Берілген сөздерден жыл мезгілдеріне байланысты сөйлем құрау.Құраған сөйлемдерін әр топтан бір оқушы тақтаға жазады.)

Суық, ызғарлы,ыстық, боранды, жаңбырлы, салқын, дымқыл, шуақты, жасыл, алтындай, жайдары, қапырық, бұлттты, аязды үскірік



Ү. Сабақты қорытындылау

«Адасқан буындар» ойыны (Артық сөзді тап)

Ғайтор кімсүйді зылқы

Сылжа ңырқо мұртал

Асала тіже Дапайлы

ҮІ. Үйге тапсырма: 5 жаттығу. 65 бет

Туынды сын есімдерді қатыстырып ,сөйлем құрап жазып келу.



ҮІІ. Бағалау (Житон арқылы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет