Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі4,22 Mb.
#34886
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы граматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат

есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Зат есім, олардың

сұрақтары,жалқы және жалпы есім, жайлы алған білімдерін кеңейту.

Негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын білу. Негізгі зат

есімнен туынды зат

есім жасау жолдарын үйренудегі практикалық дағдыларын

қалыптастыру, өз ойларын мысалдар арқылы дәләлдеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойын дамытып сөздік қорын молайту. Ұжымдағы

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық

жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау,іздену әрекетіне баулу.

Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.

Сабақтың түрі: топтық ,жарыс

Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет,кестелер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық дайындық .

- Әрбір адам?

Туысым,досым,бауырым.



  • Әрбір сабақ?

Ұғу,үйрену,ұлағат.

  • Әрбір ісің?

Тірлік,тірек,адамдық.

  • Әрбір сөзің?

Шындық,бірлік,адалдық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

17-жаттығу.

Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз жаз.Оларды қатыстырып сөйлемдер құра.

1.Бекзат тәртіпті оқушы. 2.Оқушылар мектепке жиналды.

3.Мен кітап сатып алдым. 4.Көшеде машиналар көп.

- Жақсы балалар бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары. (Зат есім)

- Зат есімнің ережесін еске түсірейік.

* Белгілі бір заттың,нәрсенің атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Зат есім

Кім? Не? Негізгі Туынды

Кімдер?

Нелер?


Түбір сөзден болған Түбір сөзге жұрнақ жалғану

зат есім арқылы болған зат есім

Ән, күй,іс. Әнші,күйші,іскер.
Бүгін біз негізгі және туынды зат есімге тоқталамыз.

Ереже:* Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз. Мысалы: ана,жер,көз.

* Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.

Мысалы: іскер,байлық,кезекші.


Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біз қазақтың ұлттық ойындарымен

Танысамыз. Сабағымызды бастамас бұрын біз екі топқа бөлінеміз.

І топ –Білімділер. ІІ топ – Алғырлар.

Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу үшін екі топ болып жарысамыз. Ол үшін жаттығуларды дұрыс орындап, ұяшықты таңдауымыз керек.

ІѴ.Дәптермен жұмыс.

1.Күн жадын жазу.

2.Тақырыпты жазу.

3.Көркем жазу.

Ағайын – алтау,ана- біреу.

Ѵ.Оқулықпен жұмыс.

19-жаттығу.Сөздерді салыстырып оқы.Әрқайсысына сұрақ қой,айырмашылығын байқа.Сөз құрамына талда.

өнер – өнерпаз балық - балықшы

күй – күйші көл - көлшік

сый – сыйлық орын – орындық

2.Ұяшық таңдау.



«Түйілген орамал» ойыны.

Түйілген орамал – алдымен кез-келген орамалды түйіп доп тәріздес қылып алады. Бір бала ортада тұрады,қалғандары он қоршап тұрады. Қоршап тұрған балалар ортадағы баланың орамалын алуға әрекеттенеді. Орамалды алып сырттағы балалар бір-біріне лақтырып бермеуге тырысады. Беріп қойған бала ортадағы баламен орын ауыстырады.

21- жаттығу. «Кім шапшаң?» ойыны.

Жаңылтпашты жатқа айт. Туынды зат есімді тауып,сөз құрамына талда.(ауызша)

Шын еңбекшіл – өрмекші,

Өрмекші – шын өрнекші.

3.Ұяшық таңдау.



Ақсүйек ойыны.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет