5-сынып
Математика пәні бойынша деңгейлік
бақылау жұмыстарының жинағы
Құрастырған: А.К.Косыбаева
2015 жыл
5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Нөлдік бақылау жұмысы
Мақсаты: Мемлекеттік стандартты орындау. 4-сынып бойынша білімдерін тексеру.
-Көп таңбалы сандармен есептер шығару
- Амал компоненттерінің бірі санды өрнек болып келетін теңдеулерді шешу
- Шамаларды салыстыру
-Геометриялық есептерді шығару
- Мәтіндік есептерді шығару: жылдамдық, уақыт, ара қашықтық
Бағалау критерийі: барлық есеп дұрыс болса, "5", 4 есеп - "4", 3есеп - "3" деген баға қойылады.
1-нұсқа
1.Амалды орындаңдар
5709-46550:98+1406·3
2.Теңдеуді шеш.
Х-86=2004:4
3. Салыстыр
90м 32дм * 9032 дм
12сағ 25мин * 11сағ 85 мин
4. Шаршының ауданы 64 см. Оның периметрін тап.
5. Велосипедші 8 км/сағ жылдамдқпен 8 сағ жол жүрді. Сол қашықтықты 4 сағатта жүріп өту үшін, ол қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?
2-нұсқа
1.Амалды орындаңдар
901-306·78:52+8888
2.Теңдеуді шеш.
5 7+х = 2121:7
3. Салыстыр
41 км 52 м * 41052 м
11 мин 36 с * 695 мин
4. Шаршының периметрі 28 см. Оның ауданын тап
5. Салт атты 48 км жолды 16 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Ол тағы сонша уақыт 8 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, неше километр қашықтқты жүріп өтеді?
Бақылау жұмысы №1
Натурал сандарға амалдар қолдану
Мақсаты: оқушылардың натурал сандарға амалдар қолдана білу дағдыларын бағалау, тексеру.
Бағалау: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |