Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар. Сабақтың мақсаты: Білімділгі



бет1/3
Дата13.02.2017
өлшемі350,51 Kb.
#9034
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ жоспары: № 19

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар.

Сабақтың мақсаты:Білімділгі: Оқушыларға нөмірленген және маркерленген тізімдер,бағандар түсінік беру.

Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый – кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, дидактикалық материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Модель түсінігі.

2.Модельдік көрсетімнің негізгі турлері.

3. Модельдеудің кезеңдері.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру
Word-та хаттар, жолдаулар жазу үшін пайдалануға болады.

Формат Список командалар тізбегін орындаймыз Сонда Список терезесі ашылады.

Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құруға болады..






Ол үшін «Жаңа маркерді анықтау» бұйрығын таңдауларыңа болады. Сонда Маркерлердің тізімдемесін шақыру үшін Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады.Мысалы, маркер ретінде $ белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптауға болады.

Нөмірленген тізім

Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең кең тараған үлгісі- нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1,2,3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегісен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни Enter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Backspece пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

Кейде нөмір ретінде а,в,с әріптерін немесе І,ІІ,ІІІ рим сандарын қойып шығуы қажет болады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі бір параметрлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б.) баптау керек.

Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, одан тізімнің қажетті түрін таңдайды.





Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жақшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттық терезесін шақырады.



Бірнеше бағаналарден құжатты қалай жасауға болады.

Құжаттқа бағаналар жасау үшін:



1-әдісі: Формат → Колонки

а) колонкаларды таңдау;

б) колонканың санын енгізу;

в) колонкалардың арасындағы шамаларын енгізу;

г) қолдану түрі.

2-әдісі: Құралдар тақтасындағы Колонки батырмасы.

Қарапайым құжаттан көпбағанды мәтін алу тәртібі:


  • Басқа бағандар бұйрығының сұхбаттық терезесіндегі батырмамен бағанның санын, мөлшерін және сыртқы пішінін баптайды;

  • Егер әр бағанның енін әртүрлі етіп таңдау керек болса, онда «Бір енді бағандар» белгісін өшіреді.

Аралық- бұл бағандар арасындағы арақашықтық. Оны әр баған үшін жеке өзгертуге болады.

Баптаулардың нәтижесін оң жақтағы терезеде орналасқан үлгіден көруге болады.



«Бөлгіш» құсқанат белгісі бағандар арасында үзіксіз бөлгіш сызықтың жүргізілетінін білдіреді.

Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек.


Сабақты бекіту:

Практикалық жұмыс №1
Жұмыс мақсаты төмендегілерді үйрену:

  • Тізімді (нөмірленген және маркерленген), соның ішінде көпдеңгейлі тізімді жасауға;

Жұмыстың орындалу барысы:

    1. Мәтіндік редакторды ашыңыз.

    2. Төмендегі мәтінді енгізіңіз.

«Гүлдер» нөмірленген тізімі

  1. калампыр

  2. қызғалдақ

  3. түймедақ

  4. раушан

«Жиһаз» маркерленген тізімі

  • Үстел

  • Орындық

  • Керует

  • Шкаф

    1. Келесі бетке мына мәтінді безендіріңіз

«Жануарлар» көпдеңгейлі тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет