Сабақтың тақырыбы: Ноосфераның қалыптасуы Оқу мақсаты



Дата25.12.2021
өлшемі17,11 Kb.
#105007
түріСабақ
Байланысты:
4 Әдістемелік нұсқау Ноосфераның қалыптасуы


Әдістемелік нұсқаулық


Сабақтың тақырыбы:

Ноосфераның қалыптасуы

Оқу мақсаты

9.3.4.5 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Білу және түсіну

  • Қолдану

  • Талдау

  • Бағалау

Сабақтың типі: 

жаңа білімді меңгерту.

Оқыту формасы: 

жалпылама, жеке

Тілдік дағдылар

Оқушылар:

Ноосфераның қалыптасу барысын талдайды (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым)




Сабаққа қажетті ресурстар:

  • Стикерлер;

  • Суреттер;

  • Карта;

  • А3 пішініндегі қағаз;

  • Әр түрлі түсті маркерлер.

Сабаққа дайындық.

Сабаққа қатысты таратпа материалдарды алдын-ала дайындап қойыңыз.



Сабақтың құрылымы:

  1. Терминдермен жұмыс

  2. Себеп- салдарлы байланыс

  3. Ақпараттық мәліметтер

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру сәті.

  2. Алдыңғы білімді қайталау.

  3. Жаңа тақырыпты меңгеру.

  4. Білімді қорытындылау және бекіту.

  5. Бағалау

  6. Сабақтың соңы.

Оқушылардың іс- әрекеті: Мәтінді талдау; зерттеу әрекеті, топтық жұмыс.

Сабақты дайындау үшін ұсыныстар:

Сабақтың басында: Оқушылармен сәлемдесу.

Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.

Топтық жұмыс жүргізу «Не?» « Қайда?» «Қашан?» ойынын жүргізу.

1- топ. Телефон, радио, көлік, электр шамы, компьютердің авторларын анықтайды

2- топ. Телефон, радио, көлік, электр шамы, компьютердің ойлап табылған жылын анықтайды

3- топ. Телефон, радио, көлік, электр шамы, компьютердің алғаш пайда болған елді анықтайды



4- топ. Аталған құрылғылардың өзгерісін талдайды
«Идеялар кілемшесі» әдісін қолданып, оқушылардың Ноосфера туралы ойын сұрауды ұйымдастырыңыз.

Сабақтың ортасында

  • Оқушыларға топтық жұмыс жасауға мәтін таратылады.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды, талдайды.

  1. топ. Ноосфера ұғымы

  2. топ. Ноосфераның белгілері

  3. топ. Ноосфераны зерттеушілер

  4. топ. Әр географиялық қабықтағы ноосфераның көрінісі

Топтардың жұмыстарын қорғауы

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау

  • Ноосфераның дамуына әсер еткен идея, технология, қоғам арасындағы байланысты анықтау үшін суреттер беріледі.

Тақырыпты қорытындылауға арналған сұрақтар қойылады.

  • Вернардскийдің атап өткен Ноосфераның қалыптасу шарттарын анықтап, инфографика дайындауды тапсыру.

  • Сабақты қорытындылау үшін «Ноосфера жарқын болашақ па, әлде...»тақырыбына эссе жазуды тапсыру. Көлемі 150 сөзден тұрады. Эссе жазудың алгоритімі мен талаптары ұсынылады.

Сабақтың соңында

Рефлексия.

Үйрендім. Қиын болды. Білгім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет