X сынып. Әдебиет. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
Пән мұғалімі: Г.Нурмағамбетова
Сабақтың тақырыбы: Нұрым мен Қашаған айтысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; айтыс жанрының қазақ әдебиетіндегі пайда болуын, дамуын, ерекшеліктерін еске түсіру, «Нұрым мен Қашаған» айтысының негізгі тақырыбын таныту, мазмұнын ашу.
Тәрбиелік; үлкенді сыйлау білуге, сөз қадірін түсінуге, сөзге тоқтай білуге, ойшылдыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.
Дамушылық; сөз өнерінің құдіреттілігін таныту,өзіндік тұжырым-пікір жасай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, қанатты сөздер зерттеу еңбектері.
Сабақтың барысы: «Айтыс туралы не білеміз?» деген бағытта ой қозғау іске қосылады да оқушының айтыс туралы білімдері тереңдетіле түседі.
Айтыс:
Өнер
Әдеби жанр
Сөз маржаны
Сөз барымтасы
Қақтығыс
Талас
-
Мақсаты
|
Ерекшелігі
|
Қарсыласын жеңу
(Жеңіске жету)
|
Білгірлік, тапқырлың, сөз көтеру, жас ерекшелігінің ескерілмеуі.
|
Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908)
Атырау жері, Тайсойған құмы
Адай Қосай Мырза
Абыл ақынға 17 жасынан еріп, 5 жыл өнеге алуына тоқталу керек.
Көне жыраулар дәстүрімен «Қырық батыр» жырын жаңғырта жырлап, терме, толғаулар шығарады.
Айтыскер, ақын. Жаскілең, Балмырза, Берішқызы, Қашағанмен айтысқан дей отыра сабақтың негізгі тақырыбына көшеміз.
Нұрым мен Қашаған айтысының тарихы туралы мәлімет беру. Айтыстың текстісін Қ.Сыдиқов 1968 жылы Гурьев облысы, Ембі ауданының тұрғыны шежіреші, жыршы Боқанов Қайшыбайдың айтуымен жазып алған.
Мәтінмен жұмыс: Хрестоматиядағы Нұрым мен қашаған айтысымен танысқан соң оқушы өз беттерінше кесте толтырады.
-
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Түрі
|
Дін
|
Бата алу
Білім сынасу
|
Ақындар айтысы
|
Нұрым
|
Қашаған
|
Ойлау жүйесі: кең, жан-жақты
Сүйенетін құндылықтары: діни білімділік, елдік, адамгершілік мәселелері.
Халық мүддесін қамтиды.
Айтыста еркіндік танытады.
|
|
Мұғалім «Нұрым мен Қашаған» айтысының ерекшеліктерін саралай айтып, оған нақты мысалдар келтірсе, оқушылар оның көркемдік сырына қаныға алады.
X сынып. Әдебиет. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Қашаған мен Ізім шайыр айтысы
Қашаған Күржіманұлының өмірбаянын сөз еткенде оның ақындығымен қоса айтыскерлігін таныту қажет. Ақынның ең алғашқы айтысы-Нұрым ақынмен кездесуі екенін айту керек. Сол айтыстың мақсатын, тақырыбын, ерекшелігін еске түсіріп кетсе де артықтық етпейді.
Жаңа сабақты түсіндіруде американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның жүйесін пайдалануға болады.
Дағдылар
|
Анықтама
|
Оқушы іс-әрекеті
|
● Білімділік
|
Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіру.
«Қашаған мен Ізім Шайыр» айтысының тақырыбын,
ерекерекшелігін, тарихын білу.
|
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
|
● Түсіну
|
Берілген материалды өз сөзімен жеткізе алу, болжам жасау, «Нұрым мен Ізім Шайыр» айтысының айырмашылығын білу, салыстыру.
|
Түсінгенін түсіндіреді, айтады, көрсетеді.
|
● Пайдалану
|
Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдалану, тәжірибеде қолдану.
Айтыс (мәтін) бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Ізім Шайырдың қашағанға орынсыз тиісуі, байлаврдың әдепсіздігі т.б.
|
Бұрынғы білімді пайдалана отырып жаңа проблеме шешу.
|
● Талдау
|
Мәтінді талдай білу. Сөз айшықтарын табу. Қашаған мен Ізім Шайырдың айтысу ерекшеліктеріне кесте толтыру.
|
Ойланады, зерттейді, табады, талқылайды.
|
● Жинақтау
|
Кешегі білімі мен бүгінгісіне сүйене отырып, ойды жинақтап түйін түю. Ізім Шайырдың Қашағаннан жеңілу себептерін ашу.
|
Құрастырады, байланыстырады.
|
● Бағалау
|
Оқыған материалдың құндылығын, керектігін анықтау.
«Маңғыстаудағы қазіргі айтыскер ақындар» тақырыбына шығарма жазу
|
Бағалайды, зерттейді, айтады.
|
X сынып. Әдебиет. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға айтқаны
● Американдық психолог, ғалым Б.С.Блумның таксономиялық жүйесін пайдалана отырып түсіндіру.
І.Білу.
● Қашаған кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
● Өлеңді оқу.
● Сөздік жұмысы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі халық арасында жырлары кең тараған суырып салма дүлділ ақын. Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікмен ССР-ы Ташауыз қаласының маңындағы қазақ ауылында дүниеге келген.
Шежірелік түзілім бойынша таратсақ: Адай-Құдайке-Қосай-Бәли-Есберді-Алдаберді-Түбай (Түбек)-Оразбай-Шанықұл-Дүйсенбай-Күржіман, Адай атамыздың он бірінші ұрпағы.
Шығармалары: «Атамекен», «Адай тегі», «Топан», дастандары, өлеңдері, айтыстары.
Құрмаңғазы Сағырбайұлы (1818-1889) қазақтың күйші-компазиторы, домбырашы.
Шығармалары: «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай» т.б. күйлері.
Шарғы – шариғат.
Бақырған – Сүлеймен Бақырғани кітабы.
Барсиса - діни кітаптардағы сұпы бола жүріп, шайтанға еріп азғындық жолға түсіп, Құдайдың қарғысына ұшыраған адам.
Насуха – бұл адам күнәкәр, қанішер, адам бола тұрып, соңынан адалдық жолға түсіпті мыс.
Қағба – мұсылмандардың Меккедегі ғибадат ету орны.
Мәсуәк- сауап үшін ауыз жуатын ағаш.
Ағуз, алқам- діни аяттар.
Біләл – Мұхамбет пайғамбардың азаншысы.
Қонаша – қонып шығатын бас қалқа.
Зауық- сауық.
ІІ. Түсіну
► Өлеңдерді бөлімге бөліп, ат қою.
► Қонақтар және жігіттер ойы.
► Кесірлі келін.
► Саран сұпы.
► Қара домбыраның қасиеті.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті ұлттық музыкалық аспап.
ІІІ. Пайдалану.
► Өнердегі нақыл сөздерді пайдаланып, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы әңгімеле.
► Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тіл, ұлттық мұра- домбыраны сақтау жөнінде пікіріңді білдір.
ҮІ. Талдау.
1.Өлеңдегі Есқали сұпының бейнесін талда (Мінездеме жазу)
2.Қашағанның ішкі жан дүниесінің күйзеліске түсуін өлең жолдарын пайдалана отырып дәлелде.
Ү.Жинақтау
● «Әке көрген-оқ жанар, ана көрген-тон пішер» деген мақалды Есқали сұпының келіні мен баласына байланысты айтуға бола ма?
● Ақынның адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді (сараңдық, дүниеқоңыздық) санауына қандай ой қосар едің?
● Біздің елде сіздердей жас келіндер,
Сөйлемейтін еді ғой басын бұғып,
Оң жақта отырушы еді ісін алып,
Қонаққа тұрушы еді төсек салып,-деген өлең жолдарын пайдалана отырып, қазақ келіндері туралы ой қозға.
ҮІ. Бағалау.
● Қазақ халқының басты қасиеті- Қонақжайлылық (ой толғау жазу)
● Бабамның мұңы, даламның үні- домбыра (эссе жазу)
Достарыңызбен бөлісу: |