Стоп кадр
-Сен бұл суретте ненің суреті бар деп ойлайсың?
-Сен ол жаққа барып көрдің бе?
-Онда нелер бар?
(Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Дұрыс айтасыңдар,балалар!Олай болса,бүгінгі сабағымыз Астана
Оқылым
Мәтінмен жұмыс:Хормен,жұппен,дара оқыту.
Астана - әсем қала. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді. Болашағы өте үлкен. Астанада Отанымыздың жүрегі соғады. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен ескерткіштер бой көтерген. Гүлзарлар мен бұрқақтар алыстан көз тартады. Астана халықты таң қалдырмай қоймайды. Бір көруге ынтық болушылар қаншама. Астана — бұрынғы Акмола емес, гүлденген, көркейген, өркендеген кала.
1-топ:Астана сөзін әріптермен жазады.дыбыстық талдау жасайды.Сөз нелерден құралады?
2-топ:Магнитті тақтада жазады. дыбыстық талдау жасайды.
Астана сөзіне сөйлем құрастырады.
3-топ:Маркермен жазады. дыбыстық талдау жасайды.
Астана сөзін буынға бөледі
Жаратылыстану пәні
Біз балалар саяхатымыз әрі қарай жалғасады.
Біз Астана қаласына жеттік.
Астанада күн жарқырап тұр екен.Бізге күн жылу мен жарық сыйлайды.
Кешкі Астананы көрсетемін.
Астана кеші қандай тамаша!
Шамдар жарқырап,бас қалаға көрік беріп тұр.
Мен осы Астанада ән айтқым гармонмен ән салғым кеп тұр.
Анадай жерде досым кетіп бара жатыр.Соған телефон шалдым.
Олай болса,балалар,кәне,тәжірибе жасап,бір сергіп қалайықшы
1-топ:Магнитпен жұмыс қайшы,ине,скрипка,қасыққа жабысатынын дәлелдеу.
2-топ:Суды ыдысқа құю.Суды сапыртып, дыбыстың қандай түрі екенін анықтату.
3-топ:Шырша шамдарын жағып,безендіру.Жарықтың қандай түрі екенін дәлелдету.
Сергіту сәті.
Математика пәні
Балалар енді өзіміз көше шамдарын санайықшы.
Есеп құрастыру.
Астанадағы дүкендерге саяхат.«Артығын тап» ойыны (Жиын)
|