Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!».
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.
Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:
Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.
Сабақтың барысы:
І.Сабаққа келген қонақтармен амандасу:
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біз сендермен бірге, Таңғажайып теңізге, қарақшылардың тығып қойған қазнасын іздеуге саяхатқа барамыз. Ол жақта сендерді таңғажайып оқиғалар мен құпялар күтіп тұр. Біз бүгін міне осындай кемеге (суретін көрсету) отырып саяхатқа шығамыз. Өзімізді теңізшілер сияқты сезіну үшін алдарыңда жатқан теңізшілердің бас киімін киеміз. Дайынбыз ба? Саяхатқа керек жүк шамаданымызды дайындйық.
- Кемемен қайда жүруге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар.
Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады.
Балық, краб, омар, теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен - тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастақанымызда теңіздің бір бөлігі тұр.
- Мына суретте теңізде кездесетін балықтардың бір тобы:
- Камбала, акула, губан, кит, дельфин т. б.
- Ал мынау теңіз астында кездесетін өсімдіктер. Моллюскілер, устрица, янтарь түсті ұлу, калмарлар, меруертті ұлу, сегізаяқ, мидиялар. Міне, осылай аз да болса теңіз туралы мәліметтер алдық.
- теңізде келе жатырмыз, айналаның бәрі су, су көп неге тағы су алдық?
- Теңіздің суы тұзды, оны ішуге болмайды.
- Дұрыс, бірақ теңіздің суы тұзды болғанымен денсаулыққа өте пайдалы. Одан дәрі жасайды, ал біз тамағымызды ауырмас үшін тұзды сумен шаямыз ғой, солай емес пе?
- Ия.
1-тапсырма: «Теңіз маржандары»
Осы жерде медузалар сияқты бетке жазылған тапсырма беріледі.
«Жоғалған әріптер»
...АНА Ж...ГЕРІ ...ҰЛЫН СА...АТ БА...ЫҚ
М Б Л Ш У И Ы Ү Б С Т Қ А Б Т Ш Ғ С Ш Л Т
2-тапсырма: «Балық аулау»
Балықтарды аулап, балықтардың тапсырмасын орындаймыз. Баспа түрде жазғызу. (балықтарда жазылған сөздер: шортан, кеме, балық, өзен)
3-тапсырма: «Матростар»
«Жоғалған буын» ойыны
(Көгер..., ...рігер, ...быз, бүл...ген, қар...ғаш, от...сы.)
4-тапсырма: «Қарақшылар». Балалар бізге қарақшы келіп біздің ары қарай жүзер жолды жауып тастапты. Қарақшының тапсырмаларын орындайық.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба» Балалар ғажайып дорбадан бір бірден ойыншықтарды шығарып атын атайды, қазақша-орысша-ағылшынша. Сөйлем құрайды.
Сергіту сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.(қимылмен)
Теңіз деген шексіз үлкен, онда апталап жүзуге болады. Жағалау көрінбейді, қайда қарасаң да су. Қараңдаршы су бетінде толқындар пайда болды, ол қайдан пайда болды?
- Толқынды жел көтереді.
- Дұрыс айтасыңдар, жел соғып, суды көтереді де, бар күшімен жерге түседі, содан су бетінде толқын пайда болады.
Мына жаққа қараңдар бізге қарай бір балық жүзіп келеді.
- Қандай балық болды екен?
- Дельфин жүзіп келеді.
- Дельфин.
Қош келдіңіздер балалар, менің мекеніме мен сендерді әркез күтіп жүремін. Мені таныдыңдар ма?
- Сіз дельфинсіз.
- Ия, мен дельфин балығымын.
5-тапсырма: Сендерге тапсырма ала келдім. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
(Бекіре, сазан, теңіз, шабақ, уылдырық.аквариум.)
6-тапсырма: «Құпиясын тап» Қазынаға тез жетуіміз керек. Ойын: «Сегізаяқтар» Тақтада сегізаяқтың басы ілулі тұр. Оның аяқтары жоқ. Аяқтар мына үстелдің үстінде тұр. Оны қазір кезек-кезекпен аяқтарды алып, сұрақтарға жауап беру арқылы құрастырасыңдар. Аяқтардың артындағы сұрақтарға жауап береміз..
1.Сауат ашу оқу іс әрекетінде ненеі үйренеміз?
Сауат ашу оқу іс әрекетінде әріпті және дыбысты оқуды, жазуды үйренеміз.
2.Әріп дегеніміз не?
Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.
3.Әріптерді қайтеміз?
Жазамыз, оқиымыз, көреміз
4.Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты естиміз, айтамыз
5.Қазақ тілінде қанша әріп бар?
-Қазақ тілінде 42 әріп бар.
6.Қанша дыбыс бар?
38 дыбыс бар.
7.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай- қандай болып бөлінеді?
-екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз.
8.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай болып бөлінеді?
-2 ге бөлінеді. Жуан және жіңішке болып бөлінеді.
9.Әріптерден не құралады?
Әріптерден сөз құралады.
10.Сөзден не құралады?
Сөзден сөйлем құралады.
11.Сөйлем қандай әріппен жазылады?
Сөйлем бас әріппен жазылады.
12.Дауысты дыбысты қандай түспенбелгілейміз?
-дауысты дыбыстарды қызыл түспенбелгілейміз
13.Дауыссыз дыбыстарды ше? Дыбыстарды атап шығыңдар
-дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз
14.Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-дауысты дыбыс кедергісіз, созылып еркін айтылады.
15.Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Кедергімен айтылады, созып айта алмаймыз.
16.Ал, буын дегеніміз не?
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
- Балалар мына сандықшаны қараңдаршы, біз қазнаны тапқан сияқтымыз.-Балалар, жарайсыңдар! Сендер су астындағы қазынаны таптыңдар! Қазнаны алып ертерек сыныбымызға қайтуымыз керек.
-Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!
-Кәнеки, бәріміз бір-бірімізге қарап : «Жарайсың!» деп айтайық.
Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнадыма? Мен сендерге осы саяхаттан естелік ретінде теңіз жұлдызын сыйлыққа бергім келіп тұр. Осы теңіз жұлдызын қолдарыңа алсаңдар біздің теңіз әлеміндегі саяқатымыз естеріңе түседі. Біздің саяхатымыздың куәгерлері болған қонақтарға рақмет.
Аспанымыз ашық болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Деніміз сау болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |