Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады.
Қолданылуы
Оксидтер тұрмыста және өнеркәсіпте кең қолданысқа ие.
Сутек оксиді – ең маңызды оксид, себебі су – барлық тірі ағза үшін бірден-бір қажет зат.
Күкірт оксиді, SO3 күкірт қышқылы өндірісінде және тамақ өнімдерін сақтауда қолданылады.
Кремний оксиді, SiO2 – шынының негізгі компоненті. Көміртек оксиді CO2, өрт сөндіруде және заттарды құрғақ мұз күйінде салқындату мақсатында қолданылады.
Хром оксиді, Cr2O3 түсті және жасыл шынылар мен керамика өндірісінде, сонымен қатар бұйымдарды жылтыратуда қолданылады.
Кальций оксиді, CaO – сөндірілмеген әк өндіруде, құрылыс саласында қолданылады.
Мырыш пен титан оксидтері – бояу өндірісі үшін қажет материал, себебі олар ақ түсті және суда ерімейді.
Темір оксидтерін металл темірін алу үшін тотықсыздандырады, сонымен қатар ол бояу алуда және электрод өндіруде қолданылады.