Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей Сабақтың мақсаты



Дата27.02.2020
өлшемі22,89 Kb.
#58723
түріСабақ
Испусинова Гулсим Балтабекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

М.Баймұханов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Мақат ауданы

Пән: Ана тілі

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3 «в»

Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей

Сабақтың мақсаты: Қазақ елінің бастан кешкен өмір жолдарын мәңгі есте сақтау

керектігін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:а)Қ.Рысқұлбеков туралы сыр шерту және ерлігінн,ақындығын

мақтан ету,мәтінді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, шығармашылықпен жұмыс

жасауға баулу.

б)Отанды сүюге,саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың__түрі'>Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілікпен жұмыс,баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекі құрал-жабдығы:Қ.Рысқұлбековтің суреті, «Тәуелсіздік тірегі фотостенд,

сұрақтар жазылған қима қағаз, «Ғасырмен сұхбат» тірек-сызба,бейнеклип
Сабақтың барысы: 

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Қызығушылықты ояту

3.Жаңа сабақты меңгерту

4. Қорытынды бөлім

5. Үйге тапсырма беру

6.Бағалау
1.Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Ә) Оқушыларды 2 топқа бөлу.

1-топ: тарихшылар

2-топ: әдебиетшілер
2.Қызығушылықты ояту

1. «Топтастыру» стратегиясы. Оқушыларөз білгендерімен білімдерінжинақтау.



Желтоқсан

Көтеріліс
Ұлтжандылық
Демонстрация
Жастар
Алмат
Студенттер
Аяз
Брежнев алаңы

2. Кіріспе бөлім. « Ой қозғау»
Ғасырмен сұхбат

Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Неге «Отан» деп атаймыз?

«Отан» дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Отанымыздың елбасы кім?

Біз қай ұлтпыз?

Ана тіліміз қай тіл?

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Еліміз, Отанымыз Тәуелсіз ел болғанға дейін қандай қиындықты басынан өткерді. Ендеше тарихқа көз жүгіртейік.


Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны
Ұмыту өткен тарихты-

Болашақ үшін қауіпті

М. Әлімбаев
Тірек сызбамен жұмыс
1723 жыл. Топтарға сұрақтар қойылады (өтілген тақырыптардан)
Тарихшыларға

1. Жоңғар шапқыншылығынан қорғаған қандай батырларды білесіңдер?

2. Қабанбай батырдың шын аты кім?

3. Жақия қай батырдың баласы?
Әдебиетшілерге

1. Сол заманның ақылгөй жырауы кім еді?

2. Жаулар қамауға алып, найзалар тұс-тұстан төнген кезде Махамбет қандай амал тапты?Әңгімелеп айтып бер.

3. « Елім-ай» әнін орында.
«Мағынаны тану кезеңі»

Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Бұл 1986 жылғы желтоқсан айы еді.
Жаңа сабақ: «Ол ақын болар ма еді?» ( Коммунар Табей)
2. «ДЖИГСО» әдісі. Әртопқажекемәтіндертаратылады. Топ мәтіндіталқылайды,



Қ.Рысқұлбековтің өмір деректерімен таныстыру

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келді. Әкесі- Ноғайбай, шешесі- Дәметкен.

Мектепті бітірген соң, Армия қатарына алынады. Әскери борышын өтеген соң, Алматыға архитектура-құрылыс институтына түседі. Өте сезімтал, бауырмал, тілалғыш еді. Сурет салуға құштар еді.

1986 жылғы ереуілде оған Савицкийдің өліміне кінәлап жалған жала жабады.

Ол әділеттің ,шындықтың жеңетініне іштей сенді. Оған «атылсын» деген үкім шығарады. 1988 жылы 28 сәуірде Қайратқа кешірім жасалынып 20 жыл бас бостандығынан айырады.1988 жылы 21 камерада Семей түрмесіне әкелінген Қ.Рысқұлбеков 22 жасында 21 мамырда , таңда өмірмен қоштасты.
Оқулықпен жұмыс.

Мәтін тұтастай оқылады. «Түртіп алу» түсініксіз сөздердің астын сызу.
Сөздік жұмыс.

Пешене – жазмыш Ебелек – шөптің аты

Арғымақ, тұлпар – жүйрік ат. Сауыт – батырдың киімі.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Әдебиетшілерге

1. Әңгіме кім туралы?

2. Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай « Желтоқсан құрбандарының»

аттары аталған?


Тарихшыларға

1. Желтоқсан оқиғасы қашан болды?

2. Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата.

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда « Тәуелсіз» ел болып жарияланды.

Содан бері «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні» болып жарияланды.
Дәптермен жұмыс

« 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»
Ой-толғаныс.

Балалар, бүгінгі сабақтан қандай білім жинақтадыңдар, не үйрендіңдер соны қорытып, топтастыру жазып көрейік.
Тарихшыларға Әдебиетшілерге

РАФТ жазу 

Р — Қайрат

А – Әке- шешесіне

Ф – Хат

Т – Мен кінәсізбін.

Қайраттың хатынан үзінді оқылады.

Ел қорғау, әрбір жастың кезек күттірмейтін міндеті.Қазақтың ғажайып батырларыныңғаламат ерліктеріне бас иіп, ұрпақ борышын адал атқарамыз деп ант берейік!
Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!

Енді бұл қасиетті Отанды қорғау борышы саған жүктеледі, жас дос!

Кеудеңдегі ерлік рухын тұтатып, әрқашанда ел қорғауға дайын бол!

Әрқашанда дайынмын!
Бейнетаспамен жұмыс
3. Семантикалық карта «Тәуелсіздікшежіресі»
Тәуелсіздікшежіресі ------1991ж ------1995ж ------1993ж ------1998ж ------1992ж
Атазаң 
Тәуелсіздікжылы 
Президент сайлауы 
Валюта 
Астана 
Рәміздер 

4. Бекіту. «Кубизм» стратегиясы. Кубтыңалтықырыменалтысұрақберіледі.
1. 1986 жыл?
2. Оқиғаныңбастысебебі? /Басшылардыңауысуы/
3. Қозғаушыкүші? /Қазақжастары/
4. Қаншаадамқатысқан? /8500/
5. Желтоқсанқұрбандарыкімдер? /Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира/
6. Оқиғаныңтарихимаңызы? /Тәуелсіздікалуғажасалғаналғашқықадам/


Ән «Желтоқсан желі» бейнеклип көрсетіледі

Әні:Ә.Тінәлі Сөзі: Ә.Асылбек

Бағалау

Топ бойынша бағалау. Әр топтың лидерлері бағалайды.

Үйге тапсырма:

« Ол ақын болар ма еді?» мәтінді оқу, мазмұндау.

Қайрат шығармаларын жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет