Сабақтың ортасы
9 минут
6 минут
15 минут
|
Тыңдайық
Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар
1-тапсырма
Оқушылар мәтіннің не туралы болғанын айтып, жұпта талқылайды.
Мұғалім оқушылардың мәтін туралы ойларын бір-біріне жүйелі жеткізуі үшін қосымша мынадай сұрақтар ұсынуына болады:
Мәтінге арқау болған палуан кім?
Мәтінді тыңдау арқылы оның қандай қырларын байқадың?
Чемпион болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Мәтін мазмұнынан қандай үлгі алуға болады?
2-тапсырма
Оқушылар мәтінді екінші рет тыңдайды, ұсынылған сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтайды.
Болашақ палуан алғаш жемістің дәмін қалай татып жүрді?
Палуанның балалық шағындағы мінез-құлқы қандай болған?
Оның чемпион болатынын алғаш кім байқады?
Болашаққа жол ашу үшін оны ата-анасы қайда оқуға берді? Ол кезде Дәулет неше жаста болатын?
Дәулет құрама командада қанша жыл болды?
Оның бапкері кім?
Мұғалім оқушыларға орындаған жұмыстарымен оқып, бөлісулерін сұрайды. Сынып алдында оқушылар орындаған тапсырмаларын оқиды. Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді, дескрипторлар бойынша өз-өздерін бағалатады.
ДЕСКРИПТОРЛАР
|
Дәулет Тұрлыханов қалай «елдің баласы» атанды?
https://kaztrk.kz/news/articles/daulet-turlyhanov-qalai-eldin-balasy-atandy-3123
|