Алматы облысы, Балқаш ауданы
Бақанас орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі:
Аргымбай Мадина Бекқызы
6- апта
|
2-күн
|
2 – сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау.
|
Сілтеме:
|
Жоспар (күнтізбелік жоспар)
|
Жалпы мақсаты:
|
Оқушылардың ондық бөлшек туралы білімдерін тиянақтау. Оқушының білімге деген қызығушылығын тудыру, қабілетін анықтау, жүйелі білім алудың қажеттілігін ұғындыру.
Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
|
Оқыту нәтижесі:
|
Ондық бөлшектің оқылуын, жазылуын және ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу алгоритмдерін жақсы меңгерген, оны есеп шығаруда пайдалана білетін , терең ойлы , өзіне деген сенімі мол тұлға қалыптасады.
|
Түйінді идеялар:
|
Оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ойын қорытындылай білуге қалыптастыру.
|
Ақпарат көздері:
|
Электронды оқулық, интерактивті тақта, оқулық.
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеттері
|
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бірігіп шешетін жағдай тудырып, оны бірлесе шешуді ұйымдастыру мақсатында оқушыларды
4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру.
|
Сәлемдеседі, кезекші сыныптағы оқушылар туралы мәлімет береді. Оқу құралдарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударады. Әр топ топ басшысы, хатшы, баяндамашы, таймкипер, бақылаушы болып рөлдерге бөлінеді.
|
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Бақылаушыға топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп шығуын тапсырады.
|
Бақылаушы топ мүшелерінің үй тапсырмаларын түгел тексеріп шығады.
|
ІІІ. Өткенді еске түсіру
Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша сұрақтар құрып, қалған 3 топ мүшелеріне қою арқылы сабақ тақырыбын ашады. (оқушылардың өздерінің ұсынған идеясы)
І топ
Бөлшек сандардың ондық жазылуы, оларды координаталық сәуледе кескіндеу және салыстыру.
ІІ топ
Ондық бөлшектерді қосу мен азайту.
ІІІ топ
Ондық бөлшектерді өзара және натурал санға көбейту.
ІҮ топ
Ондық бөлшектерді өзара және натурал санға бөлу.
ІҮ. Тақырыпты практикалық бекіту
Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар берілді.
І топ: №1443 (1), №1444(1)
ІІ топ: №1443 (2), №1444(2)
ІІІ топ:№1443 (3), №1444(3)
ІҮ топ:№1443 (4), №1445(1)
Ү. Сабақты қорытындылау
Сабақты сұрақтар арқылы қорыту.
1.Жазылуы
2.Салыстыру
3.Оқылуы
4.Қолданылуы
ҮІ. Үйге тапсырма: №1443 (5,6); №1445 (2); №1447
ҮІІ. Бағалау
Топтар өзара бірін-бірі бағалайды. Жеке оқушылардың үлесі әр түсті фишкалар беру арқылы бағаланады.
«5» - қызыл
«4» - көк
«3» - сары
|
1.Қандай сан ондық бөлшек деп аталады?
2.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады ма?
3.Координаталық сәуледе ондық бөлшек қалай кескінделеді?
1.Ондық бөлшектердің қосу ережелерін атаңдар.
2.Егер азайтқыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен үлкен не кем болса, онда қандай амалдар орындалады?
3.Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса не істеу керек?
4.Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
1.Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?
2.Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндіріңдер.
1.Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
2.Ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек?
3.Ондық бөлшекке бөлу ережесін айтыңдар.
Әр топтан бір-бір баладан шығып интерактивті тақтада ондық бөлшектердің амалдарын қолданып, есеп шығару жолдарын көрсетті.
Әр топтың бағалау парағы:
Мысалы І топтың бағалау парағы
|
ІІтоп
|
ІІІтоп
|
ІҮтоп
|
Өткенді еске түсіру
|
|
|
|
Практикалық есеп
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
5- апта
|
4-күн
|
2 – сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Өрнектер. Формулалар (І тарауды қайталау және бекіту сабағы)
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар
|
Жалпы мақсаты:
|
Математикалық өрнектер туралы түсініктерді, ұғымдарды, қасиеттерді оқушылардың естеріне түсіріп, практика жүзінде геометриялық фигуралардың түрлі өлшемдерін, дененің жүрілген жолын, заттың құнын есептеу барысында білімдерін нығайту.
|
Оқыту нәтижесі:
|
Өрнектердің мәндерін табуды, салыстыруды, ықшамдауды үйренеді. Осы тақырыптан туындайтын формулаларды есеп шығаруда пайдалана алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Әр оқушы өздігінен жұмыс жасап үйренеді. Оқушының жеке қабілеті анықталады.
|
Ақпарат көздері:
|
Интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс
|
Сабақта қолданылған модульдер:
|
Диалог арқылы оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Үй тапсырмасын орындай алмаған оқушыларды анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Тақырыпқа қатысты ережелерді сұрау.
ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
1.Интерактивті технологияны (диалог арқылы оқыту) қолданумен аталған тақырыптың ережелерін оқушылардың естеріне түсіру.
- санды және әріпті өрнектердің анықтамаларын беріңдер;
бұл өрнектер жалпы түрде қалай деп аталады?
қосудың, көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айтыңдар;
тік төртбұрыштың, үшбұрыштың периметрінің, ауданының, параллелепипедтің көлемінің, жүрілген жолдың, заттың құнының формулаларын сұрау.
2. Практикалық жұмыс
- білімі жақсы екі оқушыға тақтада №1424(1) көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнекті ықшамдап мәнін табу және №1425(1) теңдеуді шешу есептерін шығарту.
- №1427 мәтіндік есепті шығарту алдында оқушыларға ой туғыздыру: ситуация арқылы (ағысқа қарсы, ағыстың бойымен жүзу кезіндегі жүзушінің жылдамдығының өзгеруі) оқушыларды әңгімеге тарту. Есептің шартымен танысып, шешу жолдарын талдау (сыни тұрғыдан ойлауға оқыту)
ІҮ. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)
Сыныпты үш топқа бөліп,
шығармашылық жұмыс арқылы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту. Топтық жұмыс мақсатымен таныстыру.
Топтық тапсырма: Мәтіндік есеп құрастырып, оның өрнегін жазу және шешу.
Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Ү.Сабақты қорытындылау
ҮІ. Оқушыларды бағалау
(Бағалау критерийлері арқылы)
ҮІІ. Үйге тапсырма:
№1424 (2,3,4); №1425 (2-6);
№ 1426; №1428.
|
Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындау.
Берілген есептерді шығару барысында қолданылған ережелерді айтып беру. Ал мәтіндік есептің мазмұнын түсініп айту және есептеу жолдарын көрсету.
Оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтыру арқылы тақырыпқа қатысты теорияны естеріне түсіріп тұжырымдап береді.
Тақтада түрлі амалдардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін тұжырымдамасын айтып, әріптік өрнек арқылы жазады.
Оқушылар берілген геометриялық фигуралардың аталуын, олардың анықтамасын және өлшемдерін анықтау формулаларын интерактивті тақта арқылы көрсетеді.
Жүрілген жол формуласын жазып, түрлендіру арқылы уақытты және жылдамдықты анықтау формулаларын жазады.
3(х+5)+7х, х= 4
Өрнектегі жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру арқылы ықшамдайды да мәнін табады.
7(х+8)-25=66
Теңдеудегі жақшаны ашып, белгілі сандарды теңдіктің оң жағына ауыстырып, белгісіз көбейткішті (х) табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөледі.
Оқушы есептің берілгенін қысқаша түрде тақтада және дәптерлеріне түсіріп, қайықтың қозғалыс сызбасын сызады.
Қайықтың меншікті жылдамдығын табу үшін ағыспен және ағысқа қарсы қайықтың жылдамдықтарын қосып, екіге бөледі. (10км/сағ+6км/сағ)/2=8км/сағ
Ағыс жылдамдығын табу үшін қайықтың ағыспен жүзген жылдамдығынан меншікті жылдамдығын азайтады.
10км/сағ - 8км/сағ = 2км/сағ
Оқушылар деңгейлері аралас үш топқа бөлінеді.
Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не қажет екендігін оқушылар атап кетеді (достық, ауызбіршілік, жауапкершілік, белсенділік т.б.)
Бірігіп тапсырманы орындап, біреуі интерактивті тақтада шешімін жазады.
|
5- апта
|
5-күн
|
2 – сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жай бөлшектер (ІІІ тарауды қайталау)
|
Сілтеме:
|
Күнтізбелік жоспар
|
Жалпы мақсаты:
|
Жай бөлшектер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту; Оқушыларды өз бетінше оқуға , кітаппен жұмыс істеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт бағдар беру.
|
Оқыту нәтижесі:
|
Оқушылар жай бөлшек туралы түсініктемесін, қасиеттерін естеріне түсіріп, оларды қысқарту, ортақ бөлімін табу, жай бөлшекке амалдар қолдануды есептер шығару барысында қолдана білуге үйрету.
|
Түйінді идеялар:
|
Әр оқушы өз деңгейінде бағаланады. Әр оқушының жеке қабілеті анықталады.
|
Ақпарат көздері:
|
Интерактивті тақта, оқулық.
|
Сабақта қолданылған модульдер:
|
«Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» , «Диалогтық оқыту».
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Бүкіл сынып бойынша оқушылардың үй тапсырмасын саналы, сапалы дұрыс орындағандығын тексеру. Тексеру барысында байқаған кемшіліктерді жою және олардың пайда болу себептерін зерттеу.
ІІІ. Сабақ тақырыбын ашу жұмыс жүйесі
1. Ой қозғау
І топ: жай бөлшектерді қосу
ІІ топ: жай бөлшектерді азайту
ІІІ топ: жай бөлшектерді көбейту
ІҮ топ: жай бөлшектерді бөлу
2.Практикалық жұмыс
Топтарға тақырып бойынша оқулықтағы есептер бөлініп беріледі.
І-ші топ: №1435 (1, 3); № 1437 (1,3)
ІІ-ші топ: №1435 (2,4); № 1437 (2,4)
ІІІ-ші топ: № 1435 (5,6); №1437 (5,6)
ІҮ топ: № 1436 (1); № 1439
ІІІ. Бекіту.
Оқушылардың алған білімдері тек сандық есептерді шығаруда шектелмей, мәтіндік есептерді де қолдануын үйрету.
ІҮ. Қорытындылау.
Не білдік?
Не үйрендік? деген сұрақтарға оқушылардан жауап алу.
Ү. Бағалау.
1.Әр тапсырманың орындалуы бойынша топтар мына критерийлер бойынша бағаланады: берілген жауаптардың дұрыстығы, мазмұндылығы, топ мүшелерінің қатысу үлесі.
2.Әр топ өз мүшелерін бағалайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: № 1438,
№1442*
|
Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындау.
Сынып кезекшісінің есебі.
Үй тапсырмасын түсініп орындап келген оқушыларға карточкалар бойынша тапсырмалар орындайды. Ал үй тапсырмасын түсінбеген оқушылар кешенді талдау арқылы құрылған алгоритм бойынша есеп шығарып үйренеді.
№1432
45-ке бөлінетін ең үлкен үш таңбалы санды табу.
Есеп шешу алгоритмі:
Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
45-ке бөлінетін санның соңғы цифры (0 және 5)
Сол цифрларға аяқталатын ең үлкен үш таңбалы сандар (995, 990)
Соның ішіндегі 45-ке бөлінетіні (990)
Оқушылар берілген тапсырма бойынша анықтамаларды,тұжырымдамаларды, қайталап, әр топтан бір немесе бірнеше оқушы баяндап береді. Сөйтіп, оқушылар өз беттерінше және топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірінің білімдерін толықтыру арқылы сабақ тақырыбын ашады.
Топ мүшелері берілген есептерді бірігіп шығарып, шығару жолдарын бір-бірлеріне үйретеді. Мұғалімнің сұрауы бойынша топтағы кез келген оқушы тақта алдына шақырылып есеп шығару жолдарымен таныстырады.
№ 1441
Комбайн - 3
Күні - 6
І-ші – 20 күн
ІІ-ші – 30 күн
_____________
ІІІ-ші - ? күн
Топтар
|
Ой қозғау
|
Прак.
жұмыс
|
Мәтін
есеп
|
Ортақ
баға
|
І
|
|
|
|
|
ІІ
|
|
|
|
|
ІІІ
|
|
|
|
|
ІҮ
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |