ІІІ.Жағымды ой пікірлер:
Сұрақтар: Оқушылардан шеңбер бойында тұрып жасаған қимыл арқылы не ұққаны туралы ой қозғау.Сыныпта да отбасында да туған туыс, достар арасында да адамдар бір-біріне тіреу болатынын дәлелдеу.Әсіресе бұл отбасында маңызды. Олай болса бүгінгі әңгімеміз не жайында болмақ екен? Ендеше отбасы деген не? Отбасы...(оқушылардың мүмкін жауаптары)
|
|
ІV. Оқиға айту (әңгіме)
Мәтінмен жұмыс
Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.
Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп , отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік » , жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Осы –ақ па?
Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.
Сұрақтар:
1. Өсиет әңгіменің мәні неде?
2.Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.
|
Мәтін «Отбасы татулығы»
|
Ү.Дәйек сөз:
Отбасы тату болса , байлықтың да керегі жоқ.
ҮІ. «Сыңарын тап» ойыны
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс:
1.Оқушылардың жүрекше тәріздес жасалған өз отбасы жөніндегі жапсырмалары тыңдалады.
2. Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибаратты тілегі
3. «Сара Алпысқызына хат!» (Оқушылар Сара апаларына хат жазады)
|
Слайд
Суреттер
Нақыл сөздер
Үлкен жүрек,жүрекше суреттер
Слайд
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
слайд
Сара апаға апағахатасара
Парақшалар, қалам, түрлі-түсті қарындаштар
|
ҮІІІ. «Кім тапқыр?»тренингі
1.Балдан тәтті? (Бала)
2.Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала)
3. Балаға кім сыншы? (Ата)
4.әкеен балаға берілетін зат? (Мұра)
5.Үйдегі алтын адам кім? (Ана)
6.Бес дұшпаның... (өтірік,өсек,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
7.Тәрбие мен білімнің ортасы (Мектеп)
7.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы? (Сара Назарбаева)
8. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (Достық)
9.Бес асыл іс (Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
|
|
ІХ. Жүректен-жүрекке
«Ойды аяқта....» тренингі
Мен ата-анамның....
Мен әжемнің....
Мен үшін ата-анадан...
Мен ата-аналарыма...
Өз отбасымды....
Менің отбасымдағы...
Анам мен үшін ....
Өз сырымды мен...
Отбасымның мен...
Әкеден артықққ
Бауырым...
Туған туыстарым әрқашан...
Біздің үйде....
Менің қуанышым....
Айналайын анашым...
Әжемнің мен ...
Ініме мен...
Достарым...
Мен досымды...
Отбасым менің...
Барлық баланың...
Жер бетіндегі...
Қамқоршы апа...
Алғысымды...
«Бақыт» ағашы
(Оқушылар өз тілектерін бақыт ағашына іледі)
|
Стикерлер , «Бақыт» ағашы
|
Х. Мұғалімнің қорытынды сөзі
|
Слайд әзірлемесі , жұмсақ ойыншықтар
|
ХІ. «Айым болып тудың ба?» әні
(Оқушылар әнге қосылып, бақытты сәттерін көрсетеді)
ХІІ. Түйін сөз:
Анаң – күнің жүрегің
Әкең – өмір тірегің
Әжең – асыл арманың
Атаң- дана қорғаның
Ағаң –қамқор асқарың
Інің- мөлдір аспаның
|
Қарақат Әбілдинаның «Айым болып тудың ба?» әні үнтаспадан тыңдалады
|
Достарыңызбен бөлісу: |