Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы Құрманғызы атындағы ұлттық мемлекеттік консерваториясы


Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы



бет2/4
Дата10.10.2020
өлшемі0,49 Mb.
#64321
түріСабақ
1   2   3   4
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы - Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны.  Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.

1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.

Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.

Қазіргі ауқытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.

Студенттер жапония және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.

Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсеитова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т.б.) қызмет етеді.

Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. жақын және алыс шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.

Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50-ден астам халықаралық және 200-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.

Слайд: Ғимараттың сыртқы көрінісі:





Үлкен концерт залы.






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет