Білім беру ұйым атауы
|
№15 тірек мектебі
|
Бөлімі
|
Заманауи музыкалық мәдениет
|
Педагогтің аты жөні:
|
Акдаулетова С
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
6а
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жобаны таныстыру
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу,
6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ертегі негізінде жасаған мюзиклдерін таныстырады.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі (уақыты)
|
Педагог әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соң
|
Сәлемдесу.
1 тапсырма
Таныстыру және орындау (топпен жұмыс) Таңдаған
«Гарри Потер»
«Алдар косе»
«Буратино»
«Шрек»
ертегілері аясында құрастырған мюзиклдерін таныстыру.
2 тапсырма
Ертегі әндері
Кері байланыс
|
Сахналық көріністер
Әндірді орындау
Оқушы пікірі
|
Ашық алақан
Бас бармақ
|
Сахна
Фонохрестоматия
Микрафон
|
Бөлімі:
|
Музыка және өнер түрлері
|
Педагогтің аты жөні:
|
Акдаулетова С
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Музыка және поэзия /2 сағат/
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: тыңдаған музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстырады.
Кейбір оқушылар: музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығарады және импровизация жасайды.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі (уақыты)
|
Педагог әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу.
Миға шабуыл
-Қалай ойлайсың, музыка мен əдебиет арасында байланыс бар ма?
– Музыка мен əдебиеттің көркемдік құралдарын салыстыр.
Қазақ өнерінде музыка мен поэзия əрдайым егіз, біртұтас болып келеді. Сал, серілер əрі композитор, əрі ақын еді. Сондықтан қазақта «өлең» сөзі əн мағынасында қолданылып келді. Қазақ əнінің əр тармағында буын санының өзгермеу заңдылығы бар. Оны силлабика дейміз. Сондықтан дəстүрлі əндерде кездесетін өлең түрлері: 11 буыннан тұратын «қара өлең» жəне «жыр» деп аталатын 7–8 буынды өлеңдер.
«Романс» термині, ортағасырлық Испанияда пайда болған, алғашқыда испан тілінде (роман тілінде) «əн» деген сөзді білдірген. Испанша – Romance. Романс музыкасының əннен айырмашылығы – көңіл күйге көп назар аударылады. Романстың мəні – сүйемелдеуде емес, өлең мен əуеннің мазмұнында болады.
«Қамажай» әнін тыңдау
2-тапсырма: «Атамекен» Әнін жазған: Ж.Тұяқбаев Өлеңін жазған: Ш. Сариев
Кең ДАЛАМ!
Толған айым, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Рефлексия
-Мен не білдім?
-Бүгін мен не үйрендім?
-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым.
|
Оқушылар музыка мен поэзия арасындағы байланысты анықтайды.
Әнді үйрену,орындау
Оқушы пікірі
|
|
Оқулық
http://youtube.com/watch?v=OHbHwaVsraQ
Оқулық
|
Білім беру ұйымы
|
№15 тірек мектебі
|
Бөлімі:
|
Музыка және өнер түрлері
|
Педагогтің аты жөні:
|
Акдаулетова С
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Музыка және бейнелеу өнері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;
6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:Қазақ оюы заңдылықтарының дүниетанымдық негіздерімен танысады;
Көпшілік оқушылар:Қазақ оюының музыкамен байланысы жайында дерек алады;
Кейбір оқушылар:Шығармашылық жұмыс жасайды.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезеңі (уақыты)
|
Педагог әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу.
1-тапсырма.Ақпарат іздеу
«Ертеде бүкіл əлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Əлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бəйтерек жайқалып өсіпті. Үш əлемнің арасын байланыстырған Бəйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя соғып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен əлемді түнек басса, құс тағы да жұмыртқа салып, қайтадан əлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бəйтеректің төбесі жоғарғы əлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы əлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі əлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен əртүрлі өзендер бастау алған екен» Міне, осы аңыздағы үш əлем төкпе күйдің бас буын, орта буын жəне саға бөлімдеріне бөлінуімен сəйкес келеді. Күйдің шарықтау шыңы болатын саға бөлімі топан су басқан Төменгі əлемнің көрінісі іспетті. Табиғат заңдылықтарымен үйлесім тапқан өмір пəлсапасын жеткізудегі көркем құралдар саз өнері (күй жəне əн) мен ою-өрнекке ортақ болды. Ою-өрнек Ғарыш пен Табиғат заңдылықтарын жалпылама пəлсапалық белгілермен көрсетсе, күй адамның ішкі жан тебіренісін, көңіл күйін қоңыр үн арқылы күмбірлетті. Құстың сайраған дауысына еліктеген əн қайырмалары (гəгəгəй, ғағиға – ғақ-ғақ), əннің шырқау биіктен басталған иірімдері, қобыз сарынымен орындалған «Аққу» күйі – қазақтың Жоғарғы Əлем туралы саз түсінігінің айғағы. Жалпы, ою мен күйдің көп мағыналылығы, түпсіз тереңдігі қазақтың ойды астарлап, тұспалдап жеткізу əдетіне сəйкес келеді.
«Аққу» күйі
|
Достарыңызбен бөлісу: |