Бөлім:
|
9.4В Көмірсутектер. Отын
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көмірсутекті отындар.
№14көрсетілім «Отын түрлері».
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
9.4.3.15-құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16-Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атайды.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|